Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві 1960 жылдардан бері елімізге танымал тұлғаларымыздың жеке тектік құжаттарымен толықтырылып, сақтап келеді. Танымал тұлғаларымыздың атқарған қызметіне, зерттеу бағытына байланысты жеке тектік қор құжаттарының әр-түрлілігімен ерекшелінеді. Солардың бірі публицист, жазушы, ғалым, профессор, Қазақстан гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Тоқтар Әбдірахманұлы Бейісқұловтың жеке тектік қорына тоқталайық. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивіне белгілі жазушы өзінің жеке қор құжаттарын 2011 жылы өткізген болатын. Жеке тектік құжаттарының хронологиясы 1928-2012 жылдар аралығын қамтитын 335 сақтау бірліктерін құрайды [1]. Құжаттарының құрамы мақалалары, шығармалары, хаттар, пікірлері, сөйлеген сөздері және Т. Бейісқұловтың әр-түрлі тақырыптарда жинаған құжаттары бар.
Бейімбеттанушы Т.Бейісқұловқа биыл 90 жыл толып отыр.
Тоқтар Бейісқұлов 1932 жылы 15 қаңтарда бұрынғы Талдықорған облысы, Үйгентас ауданының Қарлығаш ауылында туған. 1950 жылы Лепсі педучилищесін, 1956 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін, 1966 жылы Мәскеу Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін аяқтаған.
Еңбек жолын 1943 жылы колхоздың қара жұмысынан бастап, Сарқан ауданындағы Аманбөктер жетіжылдық мектебінде бір жыл мұғалім, 1956 жылы Фурманов ауылындағы мектепте ұстаздық қызмет атқарып, сол жылдың қазан айында Андреев аудандық комсомол комитетінің екінші хатшылығына сайланған.
1957 жылы Талдықорған облыстық комсомол комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1959 жылы Қазақстан комсомолы Орталық Комитетінің нұсқаушысы қызметін атқарған.
1962–1964 жылдары Алматы облыстық партия комитетінде нұсқаушы және лекторлар тобының жетекшісі, бірнеше жыл радио мен телевизия саласында, Алматы облыстық радио және телевизия басқармасы бастығының орынбасары, одан кейін Бас редакция болып қайта құрылған редакцияның аға редакторы, Бас редакторы болып істеген.
1973 жылы Қазақ КСР Телевизия және радиохабары мемлекеттік комитетінің Жергілікті телевизия және радиохабары Бас редакциясының Бас редакторы және коллегия мүшесі, 1980–1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің телевизия және радио секторының меңгерушісі, 1991 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Баспасөзде мемлекеттік құпияны сақтау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары болып қызмет атқарған.
Публицист-жазушы «Еңбектегі Ерлігі үшін» (1970), екі рет Қазақ КСР Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасы мен (1981, 1982) , «Еңбек ардагері» (1989) медальдарымен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 55, 60, 65 жылдықтарына» мерекелік медалімен марапатталған. 1975 жылы «Телевизия және рaдио үздігі» атанған, «Қайран, Би-аға» мақаласы үшін «Қазақ әдебиеті» газетінің лауреаты атанған. 1975-1983 жылдары Алматы қаласы бұрынғы Калинин аудандық еңбекшілер депутаттар кеңесіне бірнеше рет депутат болып сайланған. 1997 жылы «Бейімбет Майлин-сыншыл публицист» деген тақырыпта диссертация қорғап, филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. Сонымен қатар Республика Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі болып сайланған. Публицист-жазушы он жылға жуық Қазақстан тарихы – әлеуметтік және құқық қорғау «Әділет қоғамы басқармасының» мүшесі болып келген. 2003 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универсиетінің журналистика факультетінде диссертациялық кеңестің мүшесі болып, 2007 жылы Қазақ қатынас жолдар университетінің профессоры атағы беріліп, 2008 жылы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының академигі болып сайланды.
Тоқтар Бейісқұлов еңбегі де ел-жұртқа, әдеби ортаға кеңінен танымал. Халықтың көкейіндегі жер, тіл мәселелері, танымал тұлғалардың істері туралы жарық көрген дүниелері аз емес. Осы уақытқа дейін алуан тақырыпқа, сан түрлі жанрда 200-ден астам мақала жазған. Оның алпысы Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына арналған. Әдебиет проблемалары, оның тарланбоздары туралы көлемді еңбектері баршылық.
Қаламгердің ғылыми шығармашылығының үлкен бір саласы – қазақтың классик жазушысы, алыптар тобының ардақтысы, жазықсыз атылып кеткен Бейімбет Майлиннің, оның отбасының бастан кешкен қиындықтарын көпшілікке жеткізу. Бұл зерттеу жұмысына 40 жылға жуық өмірін арнаған. Өзіне дейінгі зерттеушілердің еңбектерін қайталамау мақсатында, Бейімбет Майлиннің елге бәймәлім қырларын зерттеу және тарих бетіндегі «ақтаңдақтарды» ашу мақсатында Ішкі істер, Ұлттық қауіпсіздік Комитеті, Орталық мемлекеттік және Президенті архивтерін, Ұлттық кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорларында құжаттар жинаған.
Бейімбет Майлинге арналған ең алғашқы еңбегі – белгілі ғалым Темірғали Нұртазиннің басшылығымен жазылған "Талантты да тағанды журналист" атты дипломдық жұмысы [2]. Бұл бағытта "Б. Майлин – журналист" (1979), "Қанатты қаламгер" (1983), "Бейімбетті атқан кім?" (2000) еңбектері жарық көріп, "Би аға" естеліктер жинағын құрастырып шығарды. Автордың талай жылғы ізденісінің жиынтығы ретінде "Қилы заман азабы" (2003) кітабы, "Бейімбет Майлин және ұлт өнері" атты деректі публицистикалық эссесі жарық көрді.
Тоқтар Бейісқұлов Бейімбет Майлиннің жарық көрмеген, ғылыми айналымға енбеген "Кездескендер", "Оспан Олжабаев", "Күлегеш жеңгей" сияқты повестерін, 30-ға жуық очерк, мақалаларын архивтен тауып баспасөздерде жариялатқан. Сондай-ақ ҰҚК (КНБ) архивінен Би-ағаның жеке істерімен танысып және 74 бүркеншік (псевдоним) аттарының тізімін жасаған. Бұл зерттеуі туралы филология ғылымдарының докторы, академик Т. Сыдықов былай дейді: «Жазушының бүркеншік есімдермен жариялаудың себебі біріншіден, табиғатынан қарапайым, екіншіден көзге шыққан сүйелдей көріне беруді ерсі санады, үшіншіден, жоғары мәдениеттің үлгі-өнегесіне табынған [3] »,– деп пікірін білдірген.
Тоқтар Бейісқұловтың мақсаты Бейімбет Майлиннің барлық жарияланған және жарияланбаған еңбектерін, фотоларын, хаттарын мұра ретінде жинақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу болды. Архивтерден табылған еңбектері мен Бейімбет Майлин шығармаларының көп томдығын құрастырған. Оларды әңгімелері, өлеңдері, поэмалары, пьесалары, повестері, романдары деп 12 том көлемінде шығарған.
Сонымен қатар Т.Бейісқұлов жергілікті әкімдерге хат жазып, Бейімбет Майлиннің туған жері Қостанай қаласынан арнайы мұражай ашу және аудан атын беру туралы хат жазып, мәселе көтерген. Қазіргі таңда Таран ауданының атауы Бейімбет Майлин ауданына өзгертілген.
Тоқтар Бейісқұловтың жеке тектік құжаттарының жинағында Бейімбет Майлинге қатысты қызықты деректер бар. Олар Бейімбет Майлин туралы мақалалар, Бейімбет Майлиннің көп томдық шығармалар жинағы, Бейімбет Майлинді қызметтерге тағайындау және басқа жұмыстарға тарту жөнінде хаттамалар, жарияланымға енбеген пьеса, фельетон, очерк, повестер құжаттарының топтамасы бар.
Архив құжаттарынан байқасақ Бейімбет Майлин үшін жазушылық пен журналистика өмірі шығармашылығының қос саласындай болып, оларды бірінен бірі бөле жара қарамай, қатар дамытуға күшін жұмсаған, шабытын шыңдаған қаламгер. Оның журналист ретінде жазған очерктері, публицистикалық және проблемалық мақалалары да жетерлік. Сонымен қатар ол әзіл-сықақ жазудың шебері екен. Бейімбет Майлин фельетон жазуды ХХ ғасырдың бас кезінде бастаған. Фельетондарында әдет-ғұрып, тіл мәселесі, бай мен кедейлердің іс-әрекеттерін қара сөзбен жеткізген.
Сонымен қатар, 1937-1938 жылғы репрессияға байланысты «Жазықсыз жапа шеккендер», «Алаштың 631 ардағы», «Құрбандарға тағзым», «Атылмай қалған адам» т.б. тақырыптарында зерттеп, жариялаған.
Қазақ әдебиетінің кемеңгерлері, ғалым, жазушылар М. Әуезов, К. Кемеңгерұлы, И. Құтпанұлы, М. Жолдыбаев, Т. Нұртазин, Т. Молдағалиев, Ә. Әлімжанов, С. Әшімбаев туралы да еңбектері жетерлік.
Тағы бір, айта кететін еңбектерінің бірі Алматы облысы Үйгентас ауданы Қарлығаш ауылында 1941-1945 жылдары майданға қатысқан 91 адамның аттарын қашап жаздырып, ескерткіш орнаттырған [4].
Өмірінде өшпес із қалдырған әйгілі жазушы Бейімбет Майлиннің қаламынан қалқып шыққан құнды дүниелер бүгінде әдебиет пен тарих беттерінде сақталмақ. Бүгінде қаламгердің шығармашылығы мен өмір жолына қатысты деректер, зерттеушілердің зерттеу еңбектері Орталық мемлекеттік архивінде жеке тектік қорында сақтаулы. Т. Бейісқұловтың жеке тектік қоры ашық, қызығушылық танытқан зерттеушілерімізге құжаттары қолжетімді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. ҚР ОМА. – №2424-қор, – 1-т., 6 б..
2. ҚР ОМА. – №2424-қор, – 1-т., 1 іс..
3. ҚР ОМА. – №2424-қор, – 1-т., 252 іс, 5 б..
4. ҚР ОМА. – №2424-қор, – 1-т., 319 іс..
Максымханова Айханым
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі