ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында 2021 жылы іске асқан бастамалар туралы кең ауқымды жазба жариялады.
«Біз жоспарларымыз бен ұсыныстарымыз туралы жиі жазамыз. Бірақ сонымен қатар сіздерге атқарылған жұмыстар туралы ақпарат беру маңызды деп есептеймін. Сондықтан өткен жылы білім және ғылым саласында қабылданған кейбір маңызды шараларға тоқталғым келеді», -деп бастаған ведомство басшысы әр бастамаған қысқаша тоқталады.
Министр бұл тізімнің басына Әліппенің бағдарламаға қайта енуін қойған.
«Еліміздің барлық мектебінің бірінші сыныптарында Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде әзірленген «Әліппе» және «Букварь» енгізілді», - деп жазды ол.
Сондай-ақ, ол 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мектеп мұғалімдерінің, балабақша тәрбиешілері мен колледж оқытушыларының жалақысы 25% өскенін еске салды.
Айтуынша, бұл өсім биыл да жалғасын тауып отыр.
«Осы жылдың қаңтар айынан бастап тағы 25% өскенін айта кеткен жөн. Сонымен қатар, 2021 жылдың қыркүйегінен бастап педагогтердің жұмыс жүктемесі азайтылды. Бұл бір ставка үшін мұғалімдер енді аптасына 18 сағат емес, 16 сағат жұмыс істейтінін білдіреді», - деп жазды Асхат Аймағабетов.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі