Фаризаға
Бұл бетте «Фаризаға» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
-
Bain
- 25.04.2015
- 5
- 68
- 299256
Фариза!
Фаризажан, Фариза-қыз,
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.
Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,
Шаң басқан архивтерден табылармыз.
Сен мені білесің бе, білесің бе?
Жаралмаған жан екем күресуге.
Жылай жүріп, өтірік күлесің де,
Жүресің де қоясың, жүресің де.
Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,
Тастағысы келеді күресінге.
Фаризажан, сен соны білесің бе?...
Жанарымды тұманмен тұмшаладым,
...Серіппесі үзіліп тұр садағым.
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.
Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім...
Ақын болып несіне жаратылдым,
Арасында қап қоймай қара түннің.
Қасиетін сезем деп Ана тілдің,
Қауырсыны қалмады қанатымның.
Қу тірлікке құл болып, аяң басып,
Құлашымды жая алмай баратырмын.
Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,
Аттап өттім олардың қия белін.
Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,
Жия бергім келеді, жия бергім.
Маңдайымнан сипаған бір жан болса,
Енді қалған өмірімді қияр едім.
Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?!
Кеп тұрады тілегім мұңды-мұңға.
Енді қалған өмірдің құрдымында,
Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!
Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,
Көбейтсең де қаншама мынды-мыңға...
Айналаға қарайық анық барлап,
(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ),
He туралы жырласақ, Фариза-қыз,
Бағыштайық бәрін де халыққа арнап.
Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз,
Бірімізден біріміз арылармыз.
Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,
Подвалдағы архивтен табылармыз...
Өте жақсы ән екеуі қосыла алмағаны өкінішті
керемет ән маған ұнады
КЕРЕМЕТ ӘН МАҒАН ҰНАДЫ
керемет
Унады маган
жылагын келеды
оте асерли ан
Өте жақсы өлен мағанда қатты ұнайды
Абүірбек ағаның өлеңі журекті жарды
Өте керемет.Мұзбалақ Мұқағали менің сүйікті ақыным.☺
Маған өлеңдері қатты ұнады.
Мукагалидын музды жырына не жетсин
Керемет соз жок
Оте кушти создери Тамаша журектин тубине жайгана салкын желмен бир тылсым кереметкуй кештим
Ең керемет ақынның ең керемет өлеңі ????????????????????????
Маған мына ән қатты ұнады. Жаныңды тебіретіп, адамды өзіне тарта білетін ән екен.
өте жақсы
фариза қыз деген өлең өте керемет
Өте керемет жазылған . ☺☺
Өте әдемі өлер жақсы жазылған
Отте тамаша олен екен★☆★
Керемет♥♥♥
Маған өлен қатты ұнады.
Бұл əн ұнады
Өте керемет
Ерекше керемет өлең
Өте керемет... Маған қатты ұнады...
Керемет поэзия
Ақын қыздың өмірнен кішкенеде болса керемет сипатталған
Қызды өте керемет сипаттаған
Өте керемет.Ақиық ақын М.Мақатаев Ф. Оңғарсынованы керемет сипаттаған.
Өмірде ақындардың бәрі жалғыз
Мәні терең сөздер
Мұқағали ағаның қыз бала болса да Фариза ақын апайымызды өзіне жақын көріп, ішіндегі шерін тарқатқан жырлары біздер үшін бір асыл қазына.
Өте керемет
ӨТЕ КЕРЕМЕТ ӨЛЕҢ .МАҒАН ҰНАДЫ
Керемет өлең
маған бұл өлен өте қатты ұнайды
Өте керемет өлең жаныды тербетіп эібереді
Мухагали канша Фаризанын конылынен
шыкысы елседе барыбыр Фариза апамыз менсынбегены окынышты
Жігітінен қазақтың дос таба алмай,
Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.Сол кездегі ақынсымақтарға....
Қате пікір жазбаңдар, бұл жерде арада махаббат емес, Фариза апамызға қыз бала болсада ер адамнан артық көріп сырын, мұңын ақтарғаны.
КҮШТІ
Өте күшті өлең керемет жазылған
Өте керемет өлең маған ұнады көп РАХМЕТ
Күшті
Мұқағали Мақатаевтың Фаризаға атты өлеңі ұнады
ия ұзақ көп мағына жатыр түсінген беледі түсінбеген қалады м. мақатаев фаризаға бала шеңберден шығу керек деген
Оте кушти маган катты унады
асирли ан
Өте керемет ән
Өте керемет ән
Өте керемет ән ертең бұйырса жарыстан 1 орын алып келем
керемет мен бүнің барлығын жаттап алдым күшті өлең????????
Керемет
Супер
Сөзбен айтып жеткізе алмаған жырын өлеңмен түйдіріп қойғанын ай
Мұқағали Мақатаевтың «Фаризаға» өлеңі – ақындардың жалғыздығы, мұңы мен жырдың мәңгілігі туралы терең толғаныс! Фариза! Фаризажан, Фариза-қыз... Жүрекке жетеді, әр сөзі – от! ❤️
Мне этот песни больше не нравиться
Мне больше не нравиться
Мұқағали Мақатаевтың «Фаризаға» өлеңі — жүрекке терең әсер қалдыратын мәнді туынды! Бұл шығармада ақын махаббат, мұң, жалғыздық пен рухани күресті шынайы және көркем тілмен жеткізген. Өлеңде Фариза есімді сиқырлы кейіпкер арқылы сезімнің нәзіктігі мен адам жан дүниесінің күрделілігі көрінеді.
Мұқағалидың «Фаризаға» өлеңі – ақынның ішкі әлемінің ең терең, ең ауыр толғанысы, жүректі қолыңмен ұстап тұрғандай сезінесің!
«Фариза! Фаризажан, Фариза-қыз, Өмірде ақындардың бәрі жалғыз...» деп басталып, ақындардың жалғыздығын, шыдамсыздықты, бір-бірінен арылып кетуін, архив шаңында қалуын соншалықты шынайы, ауыр айтады. «Жаралмаған жан екем күресуге», «Қауырсыны қалмады қанатымның», «Енді қалған өмірдің құрдымында, Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!» деген жолдар – ақынның рухани күресі, мұңы, бірақ жырға деген адалдығының шыңы. Фаризаға арнап айтылған бұл сөздер – тек бір адамға емес, барлық сезімтал жүрекке, барлық ақындық рухқа арналған сияқты.
Бұл өлеңді оқып отырып, көзіңе жас келеді, жүрегің сыздайды, бірақ сонымен бірге күш аласың – өйткені жыр мәңгі, халыққа арналған жыр өлмейді. «Бағыштайық бәрін де халыққа арнап» деген жол – өлеңнің мәні, ақынның өсиеті.
Мектепте талқылауға, әдеби кештерде оқуға, түнде жалғыз отырып ойлануға өте қолайлы. Мұқағалидың сөзі – қазақтың жүрегі, Фаризаға арнауы – сол жүректің ең нәзік пернесі.
Фаризаға арналған бұл жыр – біздің бәрімізге арналған мұң мен үміт. Жыр құмға көмілмейді, жүректе мәңгі сақталады. ❤️
“Фаризаға” — сырлы, мағыналы өлең. Мұқағали Мақатаевтың ішкі сезімі мен поэзиялық ойы маған қатты әсер қалдырды және көп ойландырды!
Күшті екен күшті шығыпты
Бұл өлеңде ақын өзінің ішкі сезімін, адамдық жан сырын кеңінен ашып, Фаризаға деген ерекше ықыласы мен жүректен шыққан өлең тілін поэзия арқылы жеткізеді.
Керемет!
Өлеңнің атмосферасы ерекше екен, оқыған сайын тереңдеп кетесің.
Керемет өлең