Өлең, жыр, ақындар

Бауыржан Момышұлының өмірлік жолына арналмақ

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ 1910 жылы 24-желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында қарапайым, мал бағатын шаруа отбасында дүниеге келді. Балалық шағының он үш жылын кіндік қаны тамған ауылында өткізіп, одан кейін кеңестік дәуіріндегі интернатта тәрбие алады. Кім білген қарапайым отбасынан шыққан қазақ жігітінің көпке үлгі болатынын. Атақты батырдың, айбынды қолбасшының өмір жолы осылай басталған. Бауыржан туралы барлығың дерлік білетіні соғысқа қатысқанын, ондағы көрсеткен ерлігін бір адамдай білеміз. Ал, Бауыржанның соғысқа дейінгі өмірі жайлы не білеміз?

Менің Бауыржан туралы оқып білгенім жоғарыдағы мысалдармен бірдей. Яғни бәрімізге белгілі қайда туғаны, жетістіктері, батырлығы тағысын тағы. . . . . Бауыржанның өмірлік жолына қызыға бастап, батыр туралы жазылған шығармалармен таныса бастадым. Мұндай әрекетіме түрткі болған жағдай елдің аузынан түспейтін нақыл сөздері, нағыз ер кім дегенде барлығының жауабы Бауыржан. Содан менде батырдың өміріне деген қызығушылық өне бойымды толғандырды. Мен сіздермен дарынды тұлға жайлы бар білгеніммен бөлісемін.

Бауыржанның балалық шағы. . . Бауыржанның ет жемейтіні қаншалықты рас. . Бауыржан жас кезінде өзге балалардан ерекше болатын. Бауыржан өте ерке, айтқанынан қайтпайтын сондай қырсық  болған. Өзіне жараса мінезі де болған. Батыр бала күнінде үй жануарларын жақсы көрген, әсіресе қозы мен құлынды. Оған себеп әдетте ойнап жүрген балаларыдың соңынан күшік еріп жүрсе,  ал Бауыржанның артынан өзінің сүйікті қара қозысы қалмайтын. Бауыржан  тіпті қозысын өз досындай көріп, бар сырын айтқан деседі. Тіптен келгенде жанына төсек салып, бірге ұйықтайтын. Қара қозыға Бауыржан өз қолымен даладан балауса, балғын шөп теріп әкеліп, өз қолымен жегізетін. Оны өзенге апарып, өзі көтеріп тұрып, өзеннің тізеден асатын тұнық жерінен су ішкізетін.

Күзге қарай қара қозысы қазық аяқ марқа болды. Күндердің күнінде Бауыржанның үйіне күтпеген жерден қонақ келеді. Кім білген Бауыржан сол күні қозысынан айырларын. . Бала Бауыржан ойнап жүріп қозысына шөп әкеген сәтінде көкесі бір марқаны бауыздайын деп жатыр, бала Бауыржан бар дауысымен айқайлай жөнеледі. Оған себеп Бауыржанның қара қозысы еді.

-Көке, бауыздама!- деп шыр етеді. Оның көке дегені Бауыржанның әкесінің інісі Момынқұлды солай атайды. Көкесі үйге қонақ келгенін түсіндіріп тез бауыздап жібереді. Сол сәтте Бауыржан қып-қызыл болып, қақайып сіресіп тұрып қалады. Бауыржан бір беткей деп жоғарыда айта кеткенмін, бар дауысымен жылап өкпе ренішпен ұйықтап қалады. Бауыржан көзін ашса бәрі у-ду, шу болып жаңағы марқаны жеп отыр екен. Көкесі байқап кел, Бауыржан сондай тәтті ет екен деп дастарқанға шақырады. Қырсық мінезді Бауыржан менің қозымды қайтарыңдар, жемеймін деп қайта жылайды. Міне содан бері Бауыржан «Ет жемейді». . . . Бауыржанның ет жемейтіндігі мені таңқалдырды. Себебі нағыз қазаққа тән батырдың мұндай ерекшелігі кімді болса да, таңқалдырады. Тағы бір аузына алмайтын тағамы қолдан жасалынған «Сары май» әжесі бірде күбіні пісіп сап-сары майды алады, ойнап қарны ашқан Бауыржан әжесінің сары майын сұрады. Сонда әжесі байыппен әлі дайын еместігін түсіндірмек болады, шыдамсыз бала қайта сұрап майды алып жейді. Сол күні Бауыржан өзін жайсыз сезініп, бақандай бір апта ауырады. Бәріне себеп майды қомағайланып жегені. Байқағандарыңыздай Бауыржан етке қоса, сары майды да жемейді. Ал, батыр мүлдем тәтті тағамдарға қызықпаған. Тіптен келгенде ол жылына бір рет жүзім мен алманы жейтінін айтқан. Оған тағы да таңқалдым. Себебі жеміс-жидектер адамға қажетті дәрумендер ғой. . Осы орайда Бауыржанның сүйіп жейтін тағамдары быламық, көже т. б.

Соғыс жылдарындағы Бауыржанды бәріміз білеміз. Ал, жазушылыққа бет бұрған Баукең жайлы не білеміз?Баукең өзін тек нағыз әскери адам ретінде елге таныстырған. Оның бірнеше шығармаларды жазу арқылы жазушы болмайтындығын сан мың мәрте айтқан. Ал, қазір Баукеңнің сыр шерткен қаламына зер салар болсақ, сонау 1956 жылы демалысқа шығып, шығармашылық қызметпен айналысады. Б. Момышұлы шығармаларын қазақ, орыс  тілінде жазып, қазақ әдебиетіндегі әскери проза жанрының негізін қалады. Жазушы шығармаларының басым бөлігі Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлік тұлғаны жан -жақты етіп сомдау болды. Осы шығармашылық мақсаттың мызғымас дәйегі ретінде жазушы қаламынан туған «Офисер жазбалары», «Артымызда Мәскеу», « Ұшқан ұя», «Қанмен жазылған кітап», т. б. туындырын айтуға болады. «Ұшқан ұя»кітабы үшін жазушы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды.

Қазіргі таңда батырымыздың ерлігін құрметтеп, еліміздің  жоғары оқу орындарына, кейбір көшелерге Б. Момышұлының атауы берілген. Тіптен келгенде, батырымызды үлгі тұтып өз балаларына батырдың есімін беруде. Осы сәтте Бауыржанның бала жанды болғанын тілге тиек етуді жөн көрдім. Ол өмірде қатты, темірдей тәртіптің болғанын қалайтын Баукең балаға келгенде бауыр еті елжіреп тұрады.

Кезекті сұқбаттарының бірінде  Бауыржанға , журналист Қазақстанда он үш мыңдай Бауыржан бар екенін хабарлады. Мен әзілдеп оларға: менің атым орыстың Иваны сияқты болып жатыр екен ғой дедім. Бұл әзілім, әрине. Сөзін түйіндей келе менің білетінім сонша Бауыржанның ішіндегі номері бірінші Бауыржан менмін деді қатқылдау үнмен. Ең алдымен Баукең өзін сыйлап, қадірлеп өз сәбилеріне өзінің атын бергендерге алғысын айтты. Ал Бауыржандарға айтарым:Азамат болып өсіңдер, қарақтарым! Қатарыңнан кем болмаңдар. Бірің болмаса бірің менен асып кетсеңдер, оған дауым ешқандай дауым жоқ. Барлық Бауыржанға, барлық балдырғандарға ақ ниетпен ақ батамды беремін!

Менде Бауыржан атамыз жайлы бар білгенімді осы ақ батамен аяқтауды құп деп санадым. Әлі де жаны жұмбақ Бауыржан атамыз жайлы оқып, білетінім әлі көп.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз