Бір Мысық қаңғырып жүріп өліп жатқан арыстанға тап болады да оның жетім қалған күшігін бауырына басып, емізіп асырайды. Арыстан өсіп, азулы аң болады, өз тамағын өзі тауып жейтін халге жетеді.
Бір күні ашыққан Арыстан өзін асыраған Мысықты жемек болады. Мысық оның бұл ойын сезіп, өрмелеп ағаш басына шығып кетеді. Сонда Арыстан тұрып:
— О, менің ақ сүтін емізген асыраушым! Маған сен туған анамдай ыстықсың. Бар ақылыңды үйреткенде, ағашқа өрмелеуді неге үйретпегенсің? – дейді.
— О, қайырымды балам! Сені мен кішкентайыңнан бауырыма басып өсірдім, білген ақыл-айламның бәрін үйреттім. Бірақ құлқыныңнан қорқып, бір өнерімді айтпай, бүгіп қалып едім, оным ақыл болған екен! – дейді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Роза
қызық ертегі екен, мағыналы, қысқа