Құқық-қоғамдағы адамдардың өзара қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым. Қазіргі зайырлы қоғамда өмір сүріп жатқан мына біздің әрқайсысымыздың өз құқығымыз бар. Заң оны қорғайды, сақтайды. Қоғамның әрбір мүшесі оны құрметтеуге,қадағалауға тиіс. Менің сол бала ретінде өз мүдделерімді қорғауға құқығым бар. Ол қандай құқық?
Қазақстан Республикасының Бала құқығы Конвенциясы бойынша 18 жасқа толмаған әрбір адам бала болып саналады, яғни жасөспірімдер. Олар осы конвенцияда көрсетілген барлық құқықтарға ие.
Ең алдымен, ел азаматтығын алуға, толықтай ата-ана қамқорлығына бөленуге толықтай құқығым бар. Дара тұлға болып қана қоймай, қоғамда өз орным, өз атым болады. Мен жайлы жеке мәліметтер сақталуы және қорғалуы үкіметпен бақыланады. Менің өміріме өзге біреудің заңсыз қол сұғуынан қорғау алуым өте маңызды. Жеке шегараны бұзуға, абырой-беделге нұқсан келтіруге заңмен рұқсат жоқ. Бұл менің қоғамда адамдық орнымды қалыптастырудағы маңызды факторлар.
Ал менің өмір сүру, бостандық және даму құқықтарым-мені одан әрі еркін азаматша болуға жетелей отырып, өз мүдделерімді орынды пайдалануға мүмкіндік береді. Себебі, мен өмір сүретін мемлекетте менің жағдайым жасалмаса менде өмір сүруге еш құқық болмас еді. Мұндағы маңызды мәселе де осы. Мен үкіметтен денсаулық сақтау, даму, білім алуым үшін жағдай жасалуын талап етуге құқылымын. Бұл жайлы ақпарат осы Конвенцияның 27 бабында қамтылған.
Тағы айта кетер болсам, Қазақстан Республикасының бала құқығы туралы заңының 4 бабында баланың тең құқықтылығы атап өтіледі. Бұл дегеніміз, мен және өзге балалардың деңгейінің бір, ешқандай қанауға жол жоқ екендігін білдіреді. Мысалы, мен қандай ұлт өкілінен, нәсілден болмайын өзімнің мүддеме қатысты қажеттіліктерді алуға құқығым бар.
Мен және таңдау. Мұны қалай түсінеміз? Конвенцияның 13 бабында осы жайлы сөз қозғалған. Ең басты ескеретін нәрсе: менің көзқарастарым мен қызығушылығым, өміріме қатысты шешімдер мен ой еркіндігім. Мен тұлға ретінде қалыптасып келе жатқандықтан, қоғамда ақпарат алуға, білуге, ұмтылуға, оны таратуға құқығым бар.(Бұл басқа адамдарға зиянын тигізбейтін жағдайда ғана.) Яғни, өзімнің даму үдерісім үшін қажеттіліктерді еркін ала аламын. Кез келген ортада пікірімді білдіруге, мен үшін маңызды шешімдерді өзім дара қабылдауға, маған ұнайтын нәрсемен айналысуға құқығым бар. Оны үлкендер мен отбасы мүшелері қолдауы міндетті. Сондықтан қоғамда менің құқығымның болуы және оның қорғалуын қадағалау, сақтау-ең басты мүддем.
Қорытындылай келе, мемлекеттің бір бөлігі, қоғам мүшесі ретіндегі толықтай құқығымның бар екенін айтқым келеді. Жоғарыда атап өткен 4, 27, 13 баптарды, сонымен қатар бала құқығы туралы Конвенцияны негізге ала отырып кәмелет жасқа толмаған бала құқықтарының қандай екенінен мағлұмат беріп өттім. Өз құқықтарымның бірқатарын, мүдденің сақталуын сөзге тиек ете отырып, әрбір ел азаматының, оның ішінде баланың Үкімет алдындағы орнын барынша дағдыладым. Осы жолда Үкімет бұл құқықтар туралы кеңінен ақпарат беруі қажет. Ал бала өз құқығын толық білуі және сақтауы абзал.
Утегулова Гүлзира
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі