Луна-9 ғарыш кемесі

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Луна-9 ғарыш кемесі

Луна-9 ғарыш кемесі — Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі материал.

Материал — Луна-9, ғарыш кемесі, Байқоңыр — осы тақырыптарға байланысты.

Луна-9 — Ай бетіне жұмсақ қонған әлемдегі тұңғыш ғарыш кемесі.

Ол Айға Автоматты ай станциясын (ААС) жеткізді. ААС алғаш рет Ай бетінің телепанорамасын түсіріп, оны Жерге трансляциялады.

Луна-9 станциясының ұзындығы 2,7 метр, ал Автоматты ай станциясының диаметрі 58 сантиметр болды. ААС екі жағынан оны қорғайтын амортизаторлық баллондар орнатылған еді, төрт антеннасы қонғаннан кейін автоматты түрде ашылатын. ААС аккумулятормен, температураны реттеу жүйесімен, радиолық, бағдарламалық және ғылыми құрылғыларымен жабдықталған еді.

Бұған дейін Ай бетіне жұмсақ қонуға бағытталған Кеңес Одағының 12 ғарыш кемесі сәтсіз ұшырылған болатын. Луна бағдарламасын жүзеге асыруды бастаған ОКБ-1 кейінгі жұмыстарын Лавочкин атындағы конструкторлық бюроға тапсырды. Жаңа бюро негізінен амортизаторлардың сапасын және қосылуын реттейтін өзгерістерді енгізіп, бағдарламаны жалғастырды.

1966 жылдың 31 қаңтарында сағат 14:41:37 (UTC+3) Луна-9 Байқоңырдан ұшырылды.

3 ақпанда сағат 21:44:52 (UTC+3) аппарат Айға қонды. Бұл тарихи оқиға Дауылдар мұхитында, Кавальери кратерінің солтүстік-шығысында орын алды.

ААС-пен 8 сағаттан артық жалғасқан 7 байланыс сеансы өткізілді. Ол Ай бетінің панорамалық суреттерін түсіріп, оны Жерге жіберді. Әр панорамасының жетуіне 100 минуттай уақыт кететін.

Ұшыру айы және күні: 1966 жыл, 31 қаңтар, Байқоңыр қаласы.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Луна-9 ғарыш кемесі деген не?

Бұл бетте Луна-9 ғарыш кемесі тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Луна-9 ғарыш кемесі материалы Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі басқа материалдар Луна-9 тақырыбындағы материалдар ғарыш кемесі тақырыбындағы материалдар Байқоңыр тақырыбындағы материалдар