Өлең, жыр, ақындар

Асқабақ қыз

Ертеде үлкен аулада Асқабақ қыз тұратын. Оның көңіл-күйі ауа-райына байланысты болды. Аспан бұлттанса — оның да қабағы түйілетін, ал күн шықса — жүзі жайнап шыға келеді. Кешке Асқабақ қыз, Қияр атаның әңгімелерін сүйіп тыңдаса, түсте Қызанақ ағаймен сөздер жасырып ойнайтын. 

Бір жылы кеште Асқабақ Сәбізден оның неге әлі жұлынбағанын және неге ешкім одан дәмді асқабақ ботқасына пісірмейтінін сұрады. Сәбіз Асқабаққа оның кішкентай  және жұлуға әлі ерте екенін айтты. Осы кезде аспан бұлттана кетті. Асқабақ қабағын түйіп, жерге құлап, алысқа-алысқа домалап кетті. 

Асқабақ даланы ұзақ кезіп жүрді. Жаңбырдан ол өсті, үлкен болды. Күн оны ашық қызғылт сарыға бояды. Бір күні таңертең ауыл балалары Асқабақты тауып алып, үйіне әкеледі. Балалардың анасы бұл пайдалы олжаға өте риза болды. Асқабақтан анасы асқабақ ботқасын және бәліш дайындады. Балаларға асқабақтан жасалған тағамдар қатты ұнады. 

Осылайша Асқабақ қыздың арманы орындалды. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз