Тіл туралы мақал-мәтелдер

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Тіл туралы мақал-мәтелдер

Тіл туралы мақал-мәтелдер — Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі материал.

Материал — Тіл туралы, мақал-мәтелдер, мақал-мәтел тіл туралы, тіл — осы тақырыптарға байланысты.

Cіздердің назарларыңызға тіл өнері жайлы бір топ мақал-мәтелді ұсынғалы отырмыз.

Тіл – көңілдің кілті.

***

Тіл тәтті, бауыр қатты.

***

Тіл қылыштан өткір.

 ***

Тіл – тіліп түсер наркескен,

Сөз – өткір жебе тау тескен.

 ***

Тілде тиек жоқ, ауызда жиек жоқ.

Тілмен тікен де алады.

***

Тіл ерді қабірге салар,

Нарды қазанға салар.

***

Тілі екеудің ділі екеу.

***

Тіріде жанға тыным жоқ,

Қызыл тілде буын жоқ.

***

Тілге шешен, іске мешел.

 ***

Ашынғанның тілі ащы.

***

Ашынған тілді, ашыққан ұры болады.

 ***

Тіс – тілдің қамалы.

***

Пілден тіл күшті.

 ***

Піл көтермегенді тіл көтереді.

***

Татуға – тіл, сұлуға – сұқ.

***

Тексіздік – тілсіздіктен.

***

Ең тәтті де – тіл,

Ең ащы да – тіл,

Ең жұмсақ та – тіл,

Ең қатты да – тіл.

 ***

Қу тіл – қоңылтақ етік.

 ***

Ер қазынасы – жүрген із,

Ел қазынасы – көне көз,

Тіл қазынасы – ескі сөз.

***

Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.

***

Адам тілінен табады,

Сиыр мүйізінен табады.

***

Тіл – ақылдың өлшемі.

***

Тілді ноқталасаң, басың сақталады.

 ***

Жалақ кісі тілінен жазар,

Таз кісі қолынан табар.

 ***

Әдеп басы – тіл.

***

Тілмен байланған қолмен шешілмейді.

 ***

Он пәленің тоғызы – тілден.

 ***

Өткір тіл – дарын,

Ұзын тіл – жауың.

 ***

Кінәлінің тілі қысқа.

 ***

Бал тамған тілден у да тамады.

 ***

Пенденің қарны тойса,

Тілінен ерік кетеді.

 ***

Қызыл тіл - жанның мияты,

Абырой – ердің қуаты.

 ***

Айтсам, тілім күйеді,

Айтпасам, ділім күйеді.

 ***

Сыйларға асың болмаса,

Сипарға тілің болсын.

 ***

Бас кеспек болса да,

Тіл кеспек жоқ.

 ***

Ашуың келсе, қолыңды тарт,

Айтпас жерде тіліңді тарт.

 ***

Тіл – бұлбұл, сөз – бұлақ.

 ***

Тіл дәмдіні ұнатар,

Көз әрліні ұнатар.

***

Тіл – ойдың шындығы.

 ***

Тіл қаруы – сөз.

 

Тіл – ұлттың жаны.

***

Тіл – көңілдің тілмәші.

 ***

Адам көңілден азады,

Тілден жазады.

 ***

Туған жер – тұғырың,

Туған тіл – Қыдырың.

 ***

Тілін білмеген түбін білмейді.

***

Көнектей басқа шүмектей тілің жау.

***

Қажетті сілтемелер:

Тіл туралы басқа да мақал - мәтелдер

Сайттағы барлық мақал - мәтелдер

Ұлағатты сөздер

Өнер-білім, тіл туралы қанатты сөздер

Отбасы туралы мақал - мәтелдер

Туған күнге арналған тілектер

Достық туралы мақалдар

Достық туралы ұлағатты сөздер

Достық, татулық туралы мақал-мәтелдер



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Фатма

Тіл туралы мақал-мәтелдер жинағын оқып отырып, қазақ тілінің байлығы мен тереңдігі тағы бір мәрте көз алдыма елестеді. *«Тіл – көңілдің кілті», *«Тіл қылыштан өткір», «Тіл – ұлттың жаны» сияқты нақыл сөздер — бізге тілдің қаншалықты құнды, өмірлік мәні бар екенін еске салады. Осындай жинақтар қазақ тілін құрметтеуге, күнделікті сөйлеуде сөз мәдениетін арттыруға үлкен әсер етеді. Өте мағыналы материал!

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тіл туралы мақал-мәтелдер деген не?

Бұл бетте Тіл туралы мақал-мәтелдер тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Тіл туралы мақал-мәтелдер материалы Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер бөліміндегі басқа материалдар Тіл туралы тақырыбындағы материалдар мақал-мәтелдер тақырыбындағы материалдар мақал-мәтел тіл туралы тақырыбындағы материалдар тіл тақырыбындағы материалдар тіл туралы мақал тақырыбындағы материалдар ата сөздер тақырыбындағы материалдар admin жариялаған басқа материалдар