Көбелек

Көбелек - ау, көбелек
Әдемісің гүлдейсің
Ұстап сені не керек
Ойнамайсың күлмейсің

Көріп жаздың қызығын
Гүлден - гүлге самғаймын
Гүлдің ерке қызымын
Гүлден өзім аумаймын

Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап деп алам
Қанатымды бір қағып
Гүлдей болып жайқалам.

 


WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

дильназ

буынаяқтылар туралы өлең жолдары бар ма?

Пікір қалдырыңыз