Муди (Венгр овчаркасы)

Басты бет / Биология / Муди (Венгр овчаркасы)

Муди (Венгр овчаркасы) — Биология бөліміндегі материал.

Материал — Муди, Венгр овчаркасы, ит тұқымы, ит тұқымдары — осы тақырыптарға байланысты.

Венгрия шопандары XIX ғасырда шығарған венгр овчаркасы. Муди — кішкентай ғана, өте ширақ ит. Бақташылық инстинкті жақсы дамыған. Соған орай бақташылыққа тез дағдыланып, малды жақсы бағады. Иттің бұл тұқымы Закарпат облысының шаруашылықтарында кеңінен пайдаланылады. Мұнда 1 шопан 2 итпен 700-800 қойы бар бір отарды егістік пен ағаш көшеті тігілген жерлердің арасында жая береді. Бұл иттер өз міндетін жақсы атқарады. Егінге мал түсірмейді.

Муди — тарамыс денелі ит түріне жатады, ол ірі емес (шоқтығынан есептегенде 47 сантиметрге дейін болады), бірақ бұлшық етті, шымыр. Кеуде бөлігі шалқақ, шаршылана біткен. Басы сопақша, сына тәріздес. Маңдайы сәл дөңестеу. Тұмсығы қысқа, маңдайлығы кең, ерні құргақ. Маңдай мен тұмсығының арасы қосылып жатады. Тістері ақ, тығыз, тістенгенде тістері қайшыланып түседі. Көздері қысыңқы, түсі — қоңыр. Құлақтары кішкентай, үш бұрыш формасында, жоғары орналасқан, тік тұрады. Мойыны қысқа, арқалығына 45 градус бұрыш жасай орналасқан. Шоқтығы шығыңқы. Арқасы түзу, қысқа, сегізкөзі де қысқа біткен, сәл шығыңқы. Сауыры солыңқы емес. Құйрығы қысқа, кеудесі ойың әрі кең. Алдыңғы аяқтары - алдыңғы сандары жарыса түзу біткен, жіліншігі салбыраңқы, табаны дөңгелек. Артқы тілерсектері үш бұрыштанып келеді. Тез қозғалады, шалымды.

Бұл ит негізінеп жүріс үстінде жұмыс істейді. Жүні өте тығыз, жылтырап тұрады, бұйра. Басы мен аяғының алдыңғы жағындағы жүні қысқа, қиялай өскен. Ал мойын, кеуде бөлігінің жүні ұзын, әрі тығыз. Жүнінің түсі қара, әр түрлі реңді буырыл, кейде тарғыл және ақ түстісі де кездеседі.

Оқуға кеңес береміз:

Кавказ овчаркасы

Ит туралы мақал-мәтелдер

Колли (Шотланд овчаркасы)



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Муди (Венгр овчаркасы) материалы Биология бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Биология бөліміндегі басқа мақалалар Муди тақырыбындағы мақалалар Венгр овчаркасы тақырыбындағы мақалалар ит тұқымы тақырыбындағы мақалалар ит тұқымдары тақырыбындағы мақалалар овчарка тақырыбындағы мақалалар Cagida жариялаған басқа материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Муди (Венгр овчаркасы) деген не?

Бұл бетте Муди (Венгр овчаркасы) тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Биология бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.