Серкебай деген байдың тіршілігінің арқасында үш ұл бірдей шырпы басын сындырмай, өмірді ылғи сылқым-серілікпен біркелкі өткеріп бара жатады. Күндердің күнінде Серкебай жасы жетіп, өмірі бітуге таянғандығын төңіректеп келген сырқаулықтан сезеді. Ес-ақылы бүтін, тіл-көмейі сау уағында үш баласын қасына шақырып алып, қоштасады.
Балаларына мынандай өсиет айтады: бірінші өсиетім: мал-мүлкімді үшеуің бөліп алыңдар, таласпаңдар, тартыспаңдар; екінші өсиетім — осы үйімнің үш бұрышына үш кесек алтын тықтым, бөліп алған мал-мүліктеріңді ішіп-жеп тауысқан соң сол алтынды тауып алып, қоректеніңдер. Үшінші өсиетім — ол алтынды тауысып алып, күн көру үшін кісі есігін іздестірсеңдер, үшеуіңе де айтқаным — зор мұрынды, қау сақалдау келген бір кісіге жалдана көрмеңдер, — дейді.
Серкебай өледі, мал-мүлкі бөлінеді, ол ішіп-желінеді. Алтын қазылып алынады, ол да ішіп болынды. Ең алдымен, үлкеннің қорегі таусылады, ол кәсіп іздеп, қаңғып кетеді. Адырақ көз, қау сақал адам жолығады.
— Е, не еткен жігітсің?
— Кәсіп іздеп жүрген жігітпін.
— Маған жалдан.
— Жұмысыңыздың түрі не?
— Жалғыз есегімнің боғын тазалайсың.
— Онан басқа?
— Онан басқа дәнеңе де істемейсің.
— Мақұл.
— Бірақ, есегімді ренжітсең, басыңды аламын. Егер есекке мен ренжісем, өзім басымды алдырам.
— Болады, — деп тоқтасады.
Қау сақалдың есегі, әмір жоқ, тыша береді. Әбден зықысын шығарған соң кейіген екен, қау сақал әлгінің басын алып тастайды.
Онан ортаншы сылқым кезігіп, ол да осыған жалданып, есекке ол да қынжылып, оның да басы алынады.
Үшінші сылқым тағы жалданады. Ол есек зықысын ала берген соң артқы сирағын шауып алып, көтенін тығындап қояды. Қау сақал көріп, сасып қап:
— Бұл не? — дегенде, үшінші сылқым:
— Есегіңіз құлындап жатыр, — дейді. Қау сақал бұрылып жүріп кетеді. Кешке оның үйіне бір қонақ келеді. Жалшысына:
— Мына қонаққа қой сой, бақай—сирағына дейін үйітіп сал, тойындырып аттандырайық, — дейді қау сақал.
— Мақұл, — деп шығып кетеді де, сол Қау сақалдың Қой, Бақай, Сирақ деген үш баласын өлтіріп, қазанға сап, аса береді. Қау сақал қонағымен көп әңгімелесіп отырып, қазы кешеулеген соң сыртқа шығып, жерошақ басына барса, қазанның іші толы адам еті.
— Мұның не? — дейді.
— Сол өзіңіз айтқан әміріңізді екі қылмай, орындағаным ғой, — дейді. Шал оларға қынжылмағансып кенеттен:
— Сен түнде қалай ұйықтайсың? — дейді.
— Көзімді ашып ұйықтайым, — дейді жалшы. Қау сақал қатынына бара сала үлкен бір сандыққа бауырсақ, азық-түлік салдырып, түнде қашуға айналады. Жалшы олардың мұнысын сезеді де, сол сандық ішіне түсіп жатады. Шал мен кемпір сандықты көтеріп, ала түнде қашады. Жалшы дәреті қысып кетіп, сиіп жібереді. Кемпір мен шал «Мына азықтың майы ағып барады» деп, түзу тамшыға ауыздарын тосып, жаласады. Су жағасына келіп, тыншып, тамақтануға сандықты ашып жіберсе, жалшы шыға келеді.
Шал үндемейді, тамақтанады. Кеш батады, жатуға айланады, төсекті тақ жар басына салады. Су жаққа — жалшы, ортасына — қау сақал, оның мына жағына кемпір жатады. Көзі ұйқыға кеткенде жалшы өз орнына кемпірді сала қояды. Түн ортасы, ала түнде бай кемпірін жардан құлатып, суға батырып жібереді. Таңертең қатынын оятса, жалшы болып шығады.
— Амалын айтшы, шырағым, алсаң, міне, бас, — деп, жалшының аяғына қау сақал жығылыпты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі