Декабрь айының іші еді, аңшылықпен қона түнеп, бұйырған аңдарды атып алып, кешке таман шаршап, бір сайдың саласына келіп, ылдиға түстім. Маужырап ұйықтап қалармын деп, желдің өтіне түсіп, отымды жағып, киіктің қоң етінен ыстық істеп ішейін деп, мосыға бақырымды іліп қойдым. Қоржынымдағы піскен тамағымды жеп отырып, қалғып кетіп, шошынғандай көзімді ашып жіберсем, жағып қойған отым шашылған, бақырым төмен қарай жылжып бара жатыр. Таңырқап, кішкене отырдым да, тұра кеп, шелекке барып қарасам, бақырымды бір тасбақа мойнына іліп, жылжып барады. Ғажаптанып ойлап қарасам, манағы от жаққан жерім, тасбақаның үйі екен. Отты бақаның үстіне жағыппын. От мазданып жанғанда, бақаның сүйегі қызып, оянып, қимылдап, отты шашып тулағанда, бақырым мойнына киіліп қалыпты. Бақа содан құтыла алмай, жанталас қылып, кетіп барады екен. Сөйтіп, тасбақа отымды шашып, бақырымды төгіп, бос бақырымды мойнына іліп, әкетіп бара жатыр екен ғой.
— Қыстың күнінде мазаңды алып, ұйқыңды бұздым-ау, сен де бір момын мақұлықсың ғой, — деп, жерге көміп тастадым да, тыңдадым. Бақам қор ете түсті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі