Асық — малдың сан мүшесіндегі асықты жілік пен сирақты бір-біріне тұтастырып тұрған немесе, санның жоғарғы буыны мен сирақты бөліп тұрған, орыны жағынан толарсақпен асықты жілікке тәуелді келетін, мал сүйектерінің ішіндегі тұтас біткен ең шымыр сүйек. Ал, асықты бірден бір құрал еткен асық ойындары төрт түлік малдың, әсіресе, қойдың қолға үйреніп, үй жануары болуына орай, мал шаруашылығы пайда болған сонау есте жоқ ескі заманнан бері жалғасып келе жатқан, құдды дойбы, тоғыз құмалақ сияқты тарихы ұзақ, жалпыласу көлемі кең әрі өте қызықты ұлттық әр түрлі ойындарымыздың бірі. Кезінде оны тек балалар ғане емес, жастар да, қарттар да құмартып ойнайтын болған. Көлемі жағынан, сиырдан басқа, ірі қаралар мен бұғы-маралдың асығын «сақа» сирдың асығын «топай» қой мен арқардың асығын «кентай», ешкі мен тауешкінің асығын «шүмәйт» еліктің асығын «жемек» деп алса, сыртқы тұлғасы мен тұрысына қарай, жатысынан жұмыр жағы ұстіне қарап түскен жағын «бүк» шұңқыр жағы үстіне қарап түссе «шык» тұрысынан шұңқыр жағы үстіне қарап түссе «алшы» жайпақ тегіс жағы үстіне қарап түссе «тәйкі» асықтың жілікпен тұтасқан аша жағы үстіне түсіп қалса «шомпы» жіліншікпен тұтасқан жұмыр жағы үстіне қарағаны «омпы» деп атаған.
Асық өз дәуірінде көшпелі қазақ сахарасында көңіл ашатын күрделі ойын түрлерінің бірі болып таралумен бірге, тағы бір жағынан, ұлтымыздың ескілікті тұрмыс салтында бейне алақанға қарап бақ сынайтын, құмалақ салып бал ашатын, жауырынға қарап жол ашатын түрлі наным-танымдарға ұқсас асық үйріп те болжам айтатын болған. Яғыни ата-бабалармыздың бал ашу мақсатымен, аңшының олжасынан, жолаушының жолынан, жоқ іздеген жоқшының соңынан, құрған қақпанның қанынан хабар бер деген тілек сөз айтып асық үйірген. Мұнда асық үйрушінің аңсары-үйрген асықтың алшы түсуі болып саналады. «асығым ақ сөйле, ақ жол берер болсаң, үш үйргенше айдай алшы түс» деп үйрген. Егер асық алшысынан түссе, ол ақ жол амандықта, қанжағасы қан болған, олжадан жолы болған, жолаушының жане басқада істердің оңға басқанынан, не солай болатындығын білдіреді. Сол себепті асықтың алшы түсуі өте жоғары бағалаған. Ал «тәйкі» түссе, онда үйрілген асықтың сөйлемей, ешқандай болжамның болмағандығын «бүк» түссе бұйрғаны бойында, еш жамандық не жақсылықтың жоқ қалыпты жағдай болады. «шік» түссе, аңшының алымы болмай құр қайтатынын, жолаушымен жолшының жолы болмай құр қайтатынын, құрған қақпанға аң түспегендігін немесе басқа істердің сәтті болмайтынын білдіреді. Сонымен бірге, асықтың төрт түлік түсуін, сыртқы ерекшелігіне қарай төрт түрлі малдың симолы есептеп, алшы-ойшыл атаның түлікті түйенің, тәйкі-қамбар атаның түлегі жылқының, бүк-зеңгі бабаның түлегі сирдың, шік-ұсақ мал шрпан ата мен шекшек атаның түлегі қой мен ешкінің баламасы саналып, үйірген асықтың түскіне қарай, сол кездегі мәлім бір маусымның ауарайы, мәлім бір өңірдің жар жағдайы қай түлік малға тимды болатындығы әрі қандай адамға қайсы түлік малдың мол бітетіндігі ырмдалған.
Көне көз қарттар мен зерделі шешен-шежірелердің айтуына қарағанда, кезінде асық тек көңіл көтеріп ойнайтын ойыншық ретінде емес, әрі білікті билер мен қаһрлы хандар жағынан кейбір күманды күналарды тергеуде қолданылатын жаза құралы ретінде пайдаланған, мәселен, ертедегі қазақ билері мен қазылары сол кездегі ел мен елдегі ағайынды араз қылған түрлі жер дауы, жесір дауы, ұрлық, барымта дауы сынды күрделі істерге әділ билік, адал төрелік айту үшін, істеген қылмысын мойнына алмаған күмәнді адам, ең соңында шекесіне асық басып тергеп, шынын айтқызған, асық басу тергеу үшін, алдымен істеген қылмысын мойындамаған күнәкарді алдырып,оның екі шықшытына екі асықты туралап жіңішке қайыспен немесе мықты жіппен таңып байлап, содан кейін әлгі қайысты қамшының сабымен, болмаса жіңішке ағашпен ауған түйеге бұрау салғандай бұраған. Сонда тергеуге алынған адамның екі шықшытына қатты асық батып, екі көз сыртқа теуіп, шарасынан шығып кете жаздап қиналып, істеген қылмысын мойындамасқа амалы қалмайды екен. Сондықтан, асық басып қинау ерте кездегі қазақ халқының дәстүрлі жала сотындағы қылмыскерді тергеудің ең ауыр жаза тәсілдерінің бірі болса, ал асық осы тергеу тәсіліндегі ең негізгі құралдың ролын ойнаған. Мұнда тұтас мал сүйектерінің ішінде асықтың қаттылық қасиетін ата-бабаларымыздың ертеден-ақ түсініп білгендігін байқауға болады.
Ал, асық ойыны бүкіл қазақ жерінде жалпы беттік жалпыласқандықтан, оның түрлері де бір шама мол, ойыншылар кезінде оны елдің қолы жұмыстан босаған жаз жайлауда, қыстауға барғаннан кейінгі қыстың ұзақ сары таңында, күннің жылымық байқатқан кейбір жайма шуақ кездерінде сыртқа мұз үстінде ойнаған. Тіпті, кейде асық құмар шеберлер мен сал-серілер дорбаға асық салып алып, ауылдан-ауылға, елден-елге өтіп, аты шыққан ойыншыларды іздеп барып өнер сынасқан. Тек наурыз айы туып, көктемгі күйек түскен шаруаның қаурт кезінде ғане асық ойнау ел ішінде жаман ырмға балаған, сондай болса ауыл жастары мен азаматтары және бала-шағалары осы бір ата-дәстүрімізге жетіп, байрғы мәдени мұраларымызбен қызықты көңіл қимылымыздың бір тамшысы есебінде тілге тиек болып отыр.
Асық ойыны, әсілі жалпыласқан тәртібінде негізінен бір сақа, сан-санақсыз асқтардан құралып, бұзау тайыншалардың асықтары мен қой асықтарының ірісі, әсіресе, жасамыс ерек қойлардың асықтары, ойыншылардың келісімі бойнша сақа орнында пайдаланады. Кезінде мүмкін болғанда бұғы-маралдың не арқа-құлжаның асығынан сақа ұстау ерекше жоғары бағаланған. Тіпті, арқар-құлжаның асығын кейбір қол жеткен сал-серілерге, тамыр-таныс, ағайын-достарына сауға ұсынып, сәлемдеме орнында жіберген. Өйткені, бұл аңдардың асығы әдеттегі қой асықтарына қарағанда әрі ірі,әрі шымыр болып, сымбаттылығын қоса, ойында өте ұтымды болады. ал бұзау мен тайыншалардың асығында жоғардағы аң асықтарының қасиеті толық болмаса, әдеттегі қой асығынан мелжемділігі оның сақа болуына тимділік әкелді акелді. Асық ойынында сақаның атқаратын ролы өте жоғары болғандықтан, кейбір ойыншылар, сақаның тіпті де ұтымды болуы үшін асықтың мәлім бір жерін тесіп, ішін қуыстап, оған қорғасын құйып, аузын сүйекпен не сіңірмен бекітіп тастайды. Мұндай сақалардың салмағы ауыр болып, үйіргенде алшы түскіш келеді. Әрі басқалар атқанда оңайлықта ұшып кетпейді. Өзі тикен асықтарды алысқа ұшыра алады. Ал асық ойнына келсек, оның түрлері бір шама көп, әрі әр ойынның әр өңіріндегі атауы да, ойнауы да бір-біріне ұқсамайды. Деседе, осы ойын түрлерінің қай-қайсы болсын, бәрінің де өзіндік ойын басқыштары, қылып еткен қимылдан жаздыратын қатаң қағида-жосындар болған, ойыншының қайсарлығы мен қажырлығы, ептілігі мен мергенддігі соңғы жеңіс пен жеңілісті белгілейді. Төменде асық ойынының басты бір неше түрлерін жеке-жеке таныстырып өтейік.
Асық ойнының балалар арасында бір шама көп таралған түрі, бұл негізінен сыртта ойналады. Онда әуелі диаметр екі де үш адым шамасында шеңбер. Шеңбердің дәл ортасында көлденең сызық сызылады да, ойыншылардың біреуі бірден асық шығарып, ең ірісін шеңбер ішіндегі сызық бойынада омпысынан, қалғандарын соның қасына алшысынан не тәйксінен тігіліп қойылады. Омпысынан тігілген асықтың белгісін айқындау үшін ең абзалы басқа түспен боялғаны болады. Осыдан кейін шеңбердің екі жағынан шамамен он адым қашықтықтан асық көздейтін тағы екі сызық сызылып, ойыншылар ендігі жерде, сақалын үйрісіп, кезек алысады. Онда, алшы-бірінші кезекте, тәйкі-екінші кезекке, бүк-үшінші кезекке, шік-төртінші кезекке ие болады. Сақалары ұқсас түссе, қайта ұйріп кезек алады. Осылайша, ойыншылар қолдарындағы сақалармен сызық бойында тұрып, шеңбердің ішінде тұрған асықтардың кезек көздеп, реті бойынша ойынды жалғастырады. Әрине, ойыншылардың бұл арадағы мақсаты шеңбердің ішнде тұрған омпыны шеңбердің сыртына шығару, егер кімнің сақасы тігілген асықтардың біреуіне тиіп, соны шеңберден шығарса, онда сол асықты ғане алады. Ал, шеңбердің сызығына бір табан жақын барып тұрып қалса, онда қарсы жақтағы сызықтан жалғасты көздейді.
Бұл ойын барлық асықтардың шеңберден шығып болғанша жалғасады. Көздеген кезде сақа асқтарға тимей кетсе, сол ойыншы қалып кезек екінші адамға өтеді. Ол да бірнші ойншы сияқты омпыны атып шеңберден шықса, тігілген асықтарды түгел ұтады. Әйтпегенде бірден атып ойын жалғастырады. Көмбедегі асық таусылғанда ойыншылар бірден тағы да асық тігеді. Бұл ойынды кейде «шеңбер» деп те атайды.
Бұл ойынды сыртта, тегістеу жерде ойыншылар жеке-жеке де, одақтасып та ойнайды. Ойынға қажетті асықтардың санында шек болмайды. Тек, қос уысқа сиуды, тақ сан болуы шарт. Мәселен үш адам ойнаса, әр ойыншы оннан асық шығарып, оның үстіне бір хан қосып, жиыны отыз бір асықпен ойнауға болады. Бұл арадағы хан бәріне ортақ пайдаланылады. Әркім өз алдына жеке хан сайламайды. Хан сайланған асық өзге асықтардан өзгеше бояумен боялып, белгісі бір шама анық, әдеттегі асықтардан оңай парықталатын болса, соғұрлым жақсы.
Хан ойынында ойншылардың ойын бастау кездегі сақа үйру әдісімен белгіленеді. Кімнің сақасы алшы түссе, ойынды сол адам бастап кезек қолдың оңынан солға қарай айналады. Егер кезек алу жолындағы бірнеше ойншының жалғасты сақа үйріп кезек белгілеседі. Ойын басталғанда, бастаушы барлық асқтарды қос уысына толтырып алып, шашып жібереді де, ендігі жерде асқтардың тұрысына қарай бүк пен бүкті, шік пен шікті, алшы мен алшыны, тәйкі мен тәйкіні өзара көтдеп атады. Әрі атып тигізген асғыс өзі алып отырады. Осылайша ойын алдыңғы келсім бойнша үш асық, бес асық немесе он асық атып аталғаннан кейін, енді хақнды атуға кезек келеді. Оны да сол ханның түскен асығмен ұқсас түскен асықпен атады. Яғни хан тәйкі тұрған болса тәйкімен, алшы тұрған болса алшымен атады. Бұл «хан бауыздау» деп аталады. Ханды атып алған соң, ханды атып алған сол асықпен, соған ұқсас жатқан тағы бір асықты атып алады. Бұл «ханның бауыздалуы» болады. Ал, хан бауыздалмай қалса, онда жаңағы атып алған асықтарын қосып, ойынды ендігі адамға өткізіп береді. Әдетте, ойыншы хан ойынында ханның түскімен ұқсас түскен асықтарды мүмкін бар қорғап қалып, оны хан бауыздауға істетеді. Енер ханға ұқсас түскен асық жоқ болса, басқа атқан асықтарынан соған ұқсас асық түсіруге мүмкіндік іздейді. Ал, атқан асық тимей кетсе немесе тиген күнде де, алған кезде қасындағы жанасып тұрған асықтарды қозғап кетсе, онда оны «қол күйді» немесе «хан күйді» деп атаа, сол ойыншы қалады. Сондықтан да хан ойыны асық ойындарының ішіндегі бір шама күрделі ойындарының бірі, ол ойыншылардың өте мерген, әрі епті болуын талап етеді.
Хан ойынында әдетте асық бір саусақтың үшімен, көбінесе сұқ қол мен ортан қолдың үшімен атылады. Асық атқан қол сол асықтың орнында қалады. Асқты сүйреп атуға немесе ұстап алып лақтыруға болмайды. Атқан асық көздеген асыққа тимей немесе тиіп барып, басқа асықтарды қозғап кетсе, онда қалған емептеледі. Соңына қай ойыншының ұтып алған асығы өзі қосқан асықтан артық болса, онда ойншылардың ішіндегі ең аз асық атып алған ойншыға ұпай салған болады. Егер атып алған асығы өзі қосқан асықтан кем болса. Әрі ендігі жерде асық ойыншыға ұпай береді. Келергі жүрісті ханды ұтып алған ойыншы жалғастырады. Бұл жолы қарсы жақ ұпай салса, онда алдыңғы кезекте басқалардың өзіне салған ұпайын оған шегеріп тастайды. Асып кетсе, артық салған ұпай есептеледі. Жетпей қалса, қалғаны мойында тұра береді. Жалғасты салынған ұпайлар осылай үсті-үстіне қосылып шегеріп отырады. Соңында белгіленген сарған кім бұрын жетсе, сол жеңімпаз болып, қалғандардан ұпай алады.
Хан ойынында ойыншылар әр жолы асық ашқанда, мүмкін бар асықтардың бір-біріне жанаспай, сүйенбей, мінгеспей еркін жатуына мүмкіндік іздейді. Егер асықтар үйіліп-төгілгенде солардың ішінен мәлім бір асықты атуға тура келіп, әрі оған дәл тигізсе, онда сол асықты өте ептілікпен баяу тартып алынады. Бұл ойын жолында «қимыл» деп аталады. Егер «қимыл» барысында үйіліп түскен асықтың бір жағы қозғалып қалса, онда сол ойыншы өз кезегінен айрылады. Егер ойыншы асықтарды алғаш шашқан кезде, ішінен кейбір асықтар омпысынан не шомпысынан түскен болса, немесе асық үйірген кезде хан басқа асықтардың астында көміліп көрінбей қалса, онда «қанталапай» басталады. Яғыни, әр бір ойыншы тез қимылдап шашылып жатқан асықтарды таласа-тармаса алады. Сонда хан кімнің қолында ілінсе, келергі астық шашу кезегі соған тиіп, жалғасты асық шашып, ойын жалғастырады.
Бұл сыртта ойналатын асық ойындарының бірі, оны ауелі ойын майданына арасы бір адымнан қатар үш сызық сызылады да, ортаңғы сызыққа ойыншылар бірден кентай тігеді. Ойын басталар алдында ойыншылар сақаларын үйріп, алшы тәйкі, бүк, шік түсуіне қарай кезегін алады. Мұны кейде «сақа соғыстыру» деп те атайды. Ойын басталғанда, алған жүріс кезектері бойынша ойыншылар мәлім қашықтықтан сызық бойында тізіліп тұрған кентайларды сақаларымен атады. Егер атқан сақа кентайға дәл тиіп, оны әуелгі сызықтан шеткі сызықтың сыртына ұшырып шығарса, сол кентайды кімдікі болса да ұтып алады да, қарсы жақтағы белгіленген жерден жалғасты атады. Ал, сақасы көздеген кентайға тимесе де тисе де, оны шетккі сызықтан шығара алмаса ойын кезегі басқаларға өтеді.
Кентай ату ойынында кей кездері сақа үйріп, жүріс кезгін алғандардың ең соңы болып қалғаны, тізілген кентайлардың ішіндегі өз асығының қасына сақсынт тігіп қойады.ойын басталғанда барлық ойыншылар өз кезектері бойынша алдымен сақаны көздейді. Кімнің сақасы тігідген сақаға дәл тиіп, оны шеткі сызықтан шығарып жібере алса, сол сақаны кентайлармен қосып ұтып алады. Әрі ендігі ойынды бастайды. Егер ешкім тигізе алмаса немесе тигізген күннің өзінде шеткі сызықтан шығара алмаса , онда сақасын тіккен ойыншы сол кентайларды бірақ ұтып алған болады. Яғыни, соңғы ойыншы сақасын құрбандыққа тіккенде, басқалар атып шеткі сызықтан шығарып жіберсе онда ол сақа өлді. Ал ешкім тигізе алмаса , тигізгенде де шеткі сызықтан шығара алмаса онда ол тігілген барлық кентайларды ұтқан боалды. Мұны кей кездері «сақа өлтіру» деп те атайды.
Бұл бірде «төрт асық» ойыны деп те аталған. Бұл ертеден келе жатқан ұтыс ойындарының бір түрі. Бұл ойын төрт асықпен ойналатындықтан «төрт асық» аталған. Бұл асықтар әдетте қызыл бояумен бойалатындықтан «қызыл асық» деп атап кеткен.
«Қызыл асық» әдетте екі адам да, көп адам да ойнай береді.онда екі жақ немесе ойынға қатысушылар бір келкі жақсы асықтан төртеуін таңдап алып, алдын ала көрсетілген ойнын, түсіретін асықтарын, яғни төрт алшы, төрт тәйкі, төрт бүк, төрт шік, бір алшы, бір тәйкі, бір шік, бір бүк түсіру қатарларды қамтиды. Мұнда сақа үйріп, жүріс кезектерін алып болған соң ойын бастаушы жақ алдымен төрт асықты үйреді. Ал үйрген кезде қарсы жақ ұтылған болады да жалғасты үйреді. Ал үйрген кезде қарсы жақ айтқан асықтарды дәл түсіре алмаса, онда өзі ұтылған болады да, ойынды ендігі адамға өткізіп береді. Егер басқалай бәс тігілмесе, тек асық ұтқан ойын болса, қолындағы асығын ұтқызып алған ойыншы, қарсыласынан асық қарыз алып, ойын жалғастыруға болады. Бұның бәрі де ойыншылардың алдын ала келскен шарттары бойынша жалғасады.
Бұл көнеден жалғасып келе жатқан асық ойынының бірі, негізінен үш асықпен ғане ойнайды. «үшке шықтымды» ойнағанда, ойынға қатысушылардың санында шектеме болмайды. Ойын басталарда ойыншылар басқа ойыншыларға ұқсас сақа үйрісіп, алшы-бірінші, тәйкі-екінші, бүк-үшінші, шік-төртінші кезекте жүріс алады. Егер сақалары жалғасты түскен болса жалғасты үйреді.
Ойын басталғанда, ойыншылар әуелі қораланып алып, алған кезектері бойынша қолдарына таңдап алған әлгі үш асықты алып, ретімен үйреді. Сонда үш асықты кім бірдей алшы, тәйкі, бүк, шік түсрсе, сол ойыншы үш нөмер алып, асықты жалғасты үйреді. Тағы солай түссе жалғасты үйріп жалғасты нөмір ала береді. Ал үйрген асық аралас түссе, яғыни, алшы, тәйкі, бүк, шік болып әр түрлі түссе, нөмір ала алмайды. Кезек екінші ойыншыға беріледі. Ойын осылайша реті бойынша жалғаса береді. Соңында әуелгі белгіленген санға кім бұрын жетсе, сол ұтқан болады да қалған ойыншылар өз кезектері бойынша бір жолдан қуалау кезегін алып, үш асықты тағы бір рет үйріп шығады. Егер қуалау жолында шекті санға жеткен болса, ол да жеңмпаз ойыншы саналады. Жете алмағандар ұтылған болып, ұтқан ойыншыға ұпай беріледі. «Үшке шықтым» ойынында ұпай саны 9,12,15,18 яғни үштің көбейтінді санының бірі болады. Ұпай алынып болған соң ойынды қайта жалғастырады.
Үйрмекіл асық ойынының бір түрі болып, асықты бірден ұтып ойнайды. Бұл ойынды жеке-жеке де, одақтасып та ойнауға болады.
Әр жолы үйрген асықың ұтысына ұарай жол алады да, асық үйруші бір келкі тұрып немесе бір келкі жаттықты түскен асықты тап дейді. Кейде бірнеше әр түрлі тұрығы (алшы мен тәйкі) әр түрлі жатықты (бүгі мен шігі) тап десе, кейде аралас түскен тұрық пен жатықты қосып тап деп өзінен кейінгі ойыншыларға бұйырады. Екінші адам үйіргенде тап дегені дәл түссе асықты түгел алады. Түспесе, үшінші адам үйреді. Ол да тапса алады таппаса әуелгі үйруші алып, асықты осылайша ұтысып ойнап, кімнің асығы таусылса, асығы бардан қарыз алады. Кейін ұтылушы асық ұтып алғанда қарызын қайтарып береді. Сөйтіп, үйрмекіл ойнаушылар ең соңында асықты кім ұтып алған болса, сол ұтқан асығын алып кетеді.
Бұл ойны бірде, «кетсін бір» деп те аталады. Бұл ойында әр кім өз үлестерін, мәлім бір көмбе жасап, соған тігіп қояды да, алдымен сақа үйрседі. яғыни, ойыншылардың біреуі барлық сақаларды жинап алып шашады. Сонда екі асық алшы мен тәйкі түсіп, қалғаны бүк, шік түссе, сақалы алшы түскен ойыншы бірінші кезекте, тәйкі түскен ойыншы екінші кезекті алады да, олар өз реттерін сақтап қалып, басқа сақаларды тағы үйреді. Бұл жолы алшы түскен сақа болса, ол үшінші кезекті, тәйкі түскені төртінші кезекті алады. Осылай жалғасты ойнайды. Ал, бірнші жолы үйргенде тек бір сақаға тәйкі түсіп, қалғаны бүк пен шік түскен болса, онда осы түскен тәйкі бірнші кезекті алып үйрлмейді.
Сақа үйірсіп, жүріс алынып болған соң ендігі жерде ресми ойын басталады. Онда, бірнші жүріс алған ойыншы көмбеден оқшаурақ жерден сақасын үйпеді. Сонда алшы не тәйкі түссе, сол түскен орынға тізілген асықтарды ату ұқығына ие болады. Егер сақасы алшы не тәйкі түспей, бүк не шік түссе, екінші кезекті алған ойыншы жүріс алып, асық тізілген сызықтың бойында тұрып, алдыңғы ойыншының сақасын атады. Немесе сызықтың қарысынан оған «қабат» айтып сақасын үйреді. Сонда бұл сақа да алшы не тәйкі түссе, алдымен тізілген асықтардың бірін атып, оны үш табан алысқа ұшырып, ұтып алған соң ендігі кезекте бірнші ойыншының сақасын көздейді. Оны да үш табан алысқа үшыра алса, онда бірнші ойыншы ойыннан шегінеді. Екінші ойыншы тізілген асықтарды жалғасты көздей береді. Егер екінші ойыншы «қабат» айтып сақа үйргенде, сақасы алшы не тәйкі тұрмаса, ол қалып ойын кезегін үшінші адамға береді. Ол өзінен кейін ойнайтын адам жоқ болса, ыңғайына қарап алдыңғы екі сақаның біріне «қабат» айтады. Сонда оның асығы алшы не тәйкі түссе, жоғардағы ойыншыларға ұқсас, ойынды жалғастырады.
Үш табан ойынында тізілген асықтарды қай жағынан бастап ату ойыншылардың екінде болады. Атқан кезде сақа тиген асық үш табан жерге ұшып кетсе, ұтқан есептеледі де, сол асықты алып, жалғасты асық атады. Егер сақасы көздеген асығына тимесе, тиген күнде де үш табан алысқа ұшпаса, ол ойыншы қалып, сақа тиіп орнынан қозғалған асық әуелгі орнына қайта тігіледі.
Ойынның соңына таман мәлім бір ойыншының асығы таусылса немесе таусылмай асық шығарғысы келмесе, онда сақаны ату ойнын бастаса болады. Сақа ату, сол ойыншы сақасын сапасына қарай үш асыққа, бес асыққа,бағалап кентайдың орнына тігіп қояды. Оны атқанда алдымен келісім жасап, кем дегенде бес табан да, жеті табан алысқа ұшыру шарт болады. Егер көзделген ойыншы тігілген сақаны расында жаңағы айтылған межелі алсысқа ұшырып жіберсе, онда сақаны ұтып алады. Ұтылған ойыншы сақасын беруге қимаса, бағана бағалаған асғын соңынан толықтап қайтарса да болады. Егер сақа беруге келіскен болса, онда сақаны береді. Ал, тігілген сақаны ешкім дәлдей алмаса,дәл тигізгенімен алысқа ұшыра алмаса, сақаның иесі ендігі ойын кезегін алады.
Үш бабан ойынында, ойыншылар әдетте асықты алшысынан, тәйкісінен жане омпы-шомпысынан араластырып тігеді. Егер асықтар түгел алшысынан тігілген болса, оны «қасқыр» деп атап, ойын тамашалаған не ұтылған ойыншы тізілген асықты алып қашады. Қуғанда жеткізбесе сол беті иемденіп кетуіне болады. Үш табан ойнының өспірімдерге арналған қарапайым түрін «табан» деп атайды. Онда сақасын атып, бір ойыншы ойыннан шығару тәртібі болмайды. Әр сақа тиген асық бір табан алысқа ұшса болды.
Бұл ойынға қатысушылардың санында шектеме болмайды, онда әуелі мәлім бір жерден көмбе жасап, соған біреу бірден асық тігеді де, қаншалық алыстан атуды өздері белгілеседі. Ойын алдында, асық ойнының басқа түрлерімен ұқсас сақа үйріп, кезек алады. Одан соң бірнші кезек алған ойыншы әуелі белгіленген жерден тігілген асықтарды көздейді. Егер онда сол майданда тігілген асықтарды түгел ұтып акетеді де, басқа ойыншылар тағы бірден асық тігеді. Бірнші ойншы жалғасты ата береді. Егер сақа тигенде бір бүк, бір шік болып түссе, яғни сақасы бүк, тиген асығы шік немесе сақасы шік, тиген асығы бүк болып түссе, онда сақасы тиген сол асықты алады да, сақасы тиген жерден басқа асықтарды жалғасты көздейді. Ал тігілген асықтарға сақасын тигізе алмаса тигізген күнде де сақалы алшы тұрып, жоғарғыдай тізілген асықтарды түгел ұтып кетуге келмесе немесе сақа мен асықтың бірі бүк, бірі шік түсіп, бір асықты ұту орайы болмаса, онда бұл ойыншы қалып, кезек екінші ойыншыға өтеді. Ол асық көздегенде, бірнші ойншының сақасы тізілген асықтардың басынан бастап атады. Ал, бірнші ойыншының сақасы тізлген асықтардың ретін бұзып кеткен болса, онда түрлі ұтыстың біріне келтіріп, ұтып алғаннан кейін барып, тізіліп тұрған асықтарды көздейді.
Әр жолы асық атқанда, қалған ойншының сақасы түскен жерінде жатады. Екінші жолы асық ату кезегі келгенде, сақасы жатқан сол орныннан қозғалған асықты не тізілген асықтарды көздейді. Сақаның орнын аустыруға немесе қайтадан көмбеге апарып атуға болмайды.
Жастар мен атпал азаматтар бас қосқанда ойнайтын байрғы асық ойндарының бірі. Қақпақыл ойнағанда, ойншылар ең әуелі бір «хан» сайлайды. (бұл кейде, «құсбек» деп те аталады) сонымен ойынға қатысқан адамдар санына қарай (екі адам болса бір орннан, үште төрт адам болса бірі бестен) асық шығарысып, алдымен сақа үйрісіп жүріс кезегін белгілеседі. Ұқсас түскендер болса қайта үйрісіп кезек алсады.
Қақпал ойнағанда, ойын бастаушы құдды «бес тас» ойыны секілді барлық асықтарды қолына жинап алып, жоғары қарай лақтырып, бір қолының сыртымен «ханды» тосып, қайта бір қаршып алады. Егер қолының сыртымен тосқан асықтардың ішінде «хан» жоқ болса, онда келісім бойынша әдеттегі асықтардан екі де үш не төрт не бес асық тосып, соны қайтадан қаршып алып, оны «ханға» айрбастайды. Ал, алақанының сыртымен тоса алмаса, тосқан күнде де қайта қаршып ала алмас, ойын қарсы адмға өтеді. Егер «ханды» қаршып алған болса ендігі жерде ойыншы оны ұшырады. Яғыни, «ханды» жоғары лақтырып, жерден асық теріп, түсіп келе жатқан «ханды» қайтадан тосып алады. Осылайша бірнші жолы ұшырып, үш асық алады. Егер әуелде қосқан асығы он болса, онда осы үш жолғы алған асығы алты алты болып, қосқан асығының жарымынан асқандықтан, ендігі жерде «хан пысқан» болып есептелінеді. Төртінші рет «хан» ұшырып жалғасты төрт асық алады. Сонымен қолындағы асық онға жетіп, өзі қосқан асықтарды түгел қайтарып акетеді. Оны «өз асығым өзімде,шекей тымақ көзімде» деп атайды. Бесінші рет «ханды» ұшырып бас асық, алтыншы рет тағы бес асық алады. Сонда қарсыласынан он асық ұтып алып, оған он ұпай салған есептеледі.
Ойын шартында, ойыншы «ханды» ұшырып жерден асық алған кезде басқа асықтарды қозғап алмау керек. Басқа асықтарға қол тиіп қозғалып кетсе, онда ол қалып, ойын кезегі екінші адамға өтеді. Егер бірнші ойыншы қаладан бұрын «ханды» пісіріп алған болса, енді ойын кезегін алған алған ойыншы оған бір асық беріп, ойынды айрбастап алады. Пыспаған болса, алған асығымды «хан» түгел өткізіп алады. Ал келергі ойын кезегі келгенде алғашқы ойншы «ханжы» пісіріп алып қалған болса, ендігі кезегінде үштіктен жоғары қарай қай жерден қалған болса, ендігі кезегінде үштіктен жоғары қарай қай жерден қалған болса сол қалған жерінен бастап жалғастырады. Ал, үштіктен төмен қалған болса қайта бірліктен бастап ойнайды. Ойыншылар «ханды» ұшырып жерден асық алған кезде, өзіне қолайлы жағынан бастап алуға ерікті. Деседе, алдымен шашыранды түскен асықтарды алып, ханды пісіріп алғаны ең абзал болады.
Қақпақыл ойынында, бір ойншының салған ұпайын, ұтылған ойыншы ендігі жүрістен қайтаруға тырысады. Егер келергі кезекте ол ұтқан болса, қарсыласы салған ұпайды одан шегеріп тастайды. Жетпей қалса, кемі өз мойнында тұра береді. Асқаны қарсы ойыншыға салған ұпай болып есептеледі. Осылайша әуелгі келіскен ұпай санына жеткен ойыншы қарсыласынан ұпай алады.
Сасыр ойынында ойынға қатысушылар алдымен төрт асықты айрым ұтыс асығы етіп белгілеп алады да, сақа үйріп, түсуіне қарай, алшы-бірнші, тәйкі-екінші, бүк-үшінші, шік-төртінші болып жүріс кезегін белгілеседі. Егер сақалары ұқсас түскен болса, тағы үйрісіп жалғасты кезек алысады. Ойын басталғанда, бастаушы таңдап алынған төрт асықты қолына алып үйреді. Бұл төрт асық әр ойыншыға ортақ қолданылады. Әркім қалаған асығын үйре бермейді. Ондағы ұтылу мен ұту, былай айтқанда тіккен асықтарды түгел пісіріп алу мен «сасу» белгілі шарт астында болады. Демек, үйрген төрт асықтың бірі алшы, бірі шік, екеуі бүк түссе, алшы мен шік үшін қарсы жағынан екі асық ұтып алады. Ал, бірі алшы, бірі тәйкі, бірі бүк, бірі шік түссе ештеңе де ала алмайды. Кезек екінші адамға өтеді. Ол асық үйргенде, бір тәйкі, бір бүк, бір шік түссе, онда екі асық ұтылған болып, асығын төлеп, кезекті қарсыласына береді. Ал, үйрген асықтары алшы болмай бірыңғай шік түскен болса, онда асық ұта алмайды. Жалаң алшы түссе, онда асық ұтады. Егер бір алшы, екі шік, бір бүк түссе немесе бір тәйкі, екі бүк, бір шік түссе, онда алшы үшін бір асық ұтқанмен, тәйкі үшін бір асық ұтылып, алмас-бермес болады. Ал, екі алшы мен екі тәйкі қатарынан түссе, онда ұтылыстағы асықтарды бір-ақ алуына болады. Мұның керісінше екі тәйкі мен екі бұк болып түссе, онда «сасиды». «сасығанда» ұтыстағы асық қанша болса, үстіне соншалық асық қосып қарсыласына береді. Егер қарсыласына салған ұпай болса, ол да бірге «сасып» салған ұпай түгел күйіп, асқан артығы қарсы жағына салған ұпай болып есептелінеді.
Сасыр ойынының таралған көлемі бір шама кең болғандықтан, оның әр оңірдегі жалпыласқан түрлері де алуан түрлі болады. Мәселен, кей жердерде төрт асық ортақ қолданудан тыс, асық үйрерде ұтысатын асық саны белгіленіп алады. Сонымен үйрілген асық алшы, тәйкі, бүк, шік болып төрт түрлі түссе, қарсыласынан айтылған асығын ұтып алып, асықты жалғасты үйреді.түсіре алмаса айтқан асығын өзі ұттырып, ойынды қарсыласына өткізіп береді. Ойын барысын екінші ойыншы да осылай қайталайды. «сасыр» ойынының бұл түрінде, үйрілген төрт асық шартты түрде төрт түрлі түсуі тиіс. Төрт түрлі түсіре алмағаны ұтылады. Егер үйрген кезде төрт асықтың үшеуі алшы, біреуі бүк не шік болып түссе, болмаса үшеуі шік, біреуі алшы не тәйкі түссе, онда «сасиды» да ұтылған асығы мен саслған ұпайы тұтас ұтысқа түседі.
Сасыр ойынының бұл түрінен тыс, төрт асықтың үстіне ұтылған асығын қосып, ұтқан асығын шетінен алып ойнап ойнайтын да түрі бар. Оның ойын қағидасы негізінен жоғардағы ойындарға ұқсап кетеді. Ұтқан адам төрт асық шығарып үйріседі.
Ойыншылар алдымен көмбеге бір-бірден асық тігеді де, құдды басқа асық ойындарына ұқсас, ішінен ойыншылардың біреуі бәрінің сақасын жинап алып үйріп, кезек алысады. Осы барыста алшы-бірнші, тәйкі-екінші, бүк-үшінші, шік-төртінші болып жүріс кезегін белгілеседі. Егер кезек алсып, асық үйрген кезде бірнеше сақа қатарынан бір тұрыста түсіп қалса, онда сақаны қайта үйруге тура келеді. Осылайша әр бір ойыншының асық ату өшіреті белгіленіп болғаннан кейін, ендігі жерде ойыншылар көмбенің бір жақ жанына барып, әр кім өз сақаларын өздері үйреді. Осы кезде алшы түскен сақаның иесі сақасы түскен жерден көмбеге тігілген асықтардың біреуін атады. Осы барыста атылған асық пен сақа бір түста түссе (яғни, асық та, сақа да алшы, тәйкі не бүк, шік болып түссе), онда ойыншы атқан асығын алады. Ұтылған асықтың иесі көмбеге тағы бір асық тізіп қойады. Егер атлған асық пен сақа ұқсап бір тұста түспесе, яғни сақа алшы болып атлған тәйкі, бүк не шік болып түссе, онда жалғасты асық ата береді. Тек сақасы алшыдан басқа тұрыста түскен жолы ойыннан қалады.
Бұл арадағы ойннан қалуда екі түрлі ереже болады. Ойыншының асық атқан сақасы бүк не шік түссе, онда ойыншы сақасын қолына алып, ойнның өшіретін өзіннен кейінгі өшіретті тұрған ойыншыға береді. Ал, сақасы тәйкі тұрып қалған болса, онда бұл сақа алынбайды. Ендігі ойын кезегі келген ойыншы алдымен тәйкі тұрған сақаны атады. Тигізсе оның асғын алады. Тигізбесе онда ойннан қалады да басқа ойншы ойнды жалғастыра береді. Егер ойншылар өшірет алып болғаннан кейін сақа үйру барысында сақасы тәйкі түсіп қалсада осындай болады. Яғни, ол ойннан қалады да сақасын ендігі келген ойыншы бастап атады. Тигізсе бір асығын акетеді. Тігізе алмаса ойннын қалады әрі тігілген асығын сақаның иесіне ұттырады. ойын осылайша біреу ұтып, біреу ұтылып, өз өшіретімен ойналады. Ең соңғы ойыншы ойнап болғаннан кейін ендігі өшірет алғашқы ойын бастаушыға қайта келеді.
Көтеріспек ойны кейде «алтыбақан ойны» деп те аталады. Бұл негізінен ауыл арасындағы бір үйден енді бір үйге кетіп бара жатқан екі баланың жол бойы ойнап барып, ойнап қайтатын ойны. Онда ойнайтын екі бала алдымен өзара келісіп алады. Біреуі қолындағы сақасын келіскен қашықтыққа апарып қояды да қайта қайтып келеді. Екінші ойыншы сол орында қозғалмай тұрып, әлгі сақаны атады. Атқан кезде қарсы жақтың сақасына дәл тигізсе, онда сақасын тігіп қойған ойыншы сақаны атқан ойншыны өз сақасы жатқан жерге дейін көтеріп барады. Ал, бұл барыста тұрған сақаны атқан ойншының сақасы тимей кетсе, онда алғаш сақа тіккен ойншы өз сақасын алып, сол орннан бірнші ойншының сақасын атады. Егер тимесе, онда бірнші ойншы екі сақаның арасына әлгі ойыншыны көтеріп апарып, тағы жалғасты сақа тігіп ойын жалғастырады, егер тигізе алмаса, ол онда қарсы жақтың сақасын қайта атады. Осылайша бірінің сақасын бірі атып алдыға қарай жлжи береді.
Жоғардағы асық ойнының басты-басты бірнеше түрін қысқаша таныстырып өттік. Ойын төрелерінің көптігіне ұқсас, ойын соңында берілетін жазалар да кезінде түрлі-түрлі болған. Оны «кертоқай алу» «тоқинақ алу» «түлкі ішік алу» деп бірнеше түрге бөлінген. Асық ойнына қосымша атлмыш жаза түрлерін де таныстыра кетейік.
Кертоғай: мұнда ортан қолдың ортаңғы бунын сыртқа шодырайтыңқыратып жұдырықты түйіп, бас бармақ пен ортан қолдың әлгі шодырайып тұрған бунын төбеге тигізіп тұрып, қолды ішіне қарай қаттырақ тартады. Сонда бас бармақ пен ортан қол төбе мен маңдайды қатты ауртады. Бұл жазаның кең жалпыласқан түрі.
Тоқинақ алу: мұны бірде «шынақ пен жұдырық кертоқай» деп атайды. Онда білекті сыбанып алып, жұдырықты жоғардағыдай түйіп, шынтақты төбеге тірей қолды тартады. Сонда төбе мен маңдайға шынтақ бір тисе, жұдырық тағы бір тиіп қатты ауыртады. Жазаның бұл түрі «кертоғай» алуға қарағанда сәл ауыррақ саналады.
Түлкі ішік алу: бұны бірде «омпы тістеу» деп те атайды. «Түлкі ішік алғанда» алдымен тегіс жерге күл үйіліп, күлдің үстіне бір асық омпы жағы жоғары қаратылып шаншылып қойылады да, жеңілген адам екі қолын артына ұстап, тізесін бүкпей еңкейіп келіп, күлге шаншулы тұрған асықты омпысынан тістеп алады. Егер тістеп жатқанда оқыста тыныс алатын болса, бет-аузына күл шашырап, тағы масқара болады. Сондықтан, «түлкі ішік алу» түрлі жазалардың ішіндегі ең ауыр түрі есептеледі.
Бұдан тыс, кезінде саусақпен маңдайға шертетін, кеселеп су, қымыз, айран, іркіт немесе қайнатқан құрт ішетін, ет, май асататын дағдылар болған. Мұның кейбіреуі бәс характерінде қолданып, онда жеңілген адам ішем деген нәрсесінен қаншаға келссе соншалық ішіп, жеймін деген таманынан қаншаға келсе соншалық жеген, бұдан қалса ән айтып, домбыра шертіп жане басқа да өнер көрсетіп беретін дағдылар да болғанү
Қортып айтқанда, асық ойны, ойынға қатысушыларды сопорлық пен ұтымдылыққа баулып, жылдамдық пен шыдамдылыққа тәрбиелеп, ептілік пен мергендікке үйрететін мол қасиет пен ерекшелікке ие. Ұлтымыздың дәстүрлі көңіл ашу ойындары ішіндегі ең көнелерінің бірі, асық ойынында ойнаушылардың әлгінде сөз еткен қасиеттердің бәрін өз бойында қалыптастыру мен сіңіруге мүмкіндігі шынында мол. Онда сан алуан қимыл қозғалысы, атап айтқанда, дене мүшелерінің қалыпты тұрысы, асық атқан кездегі түрлі қозғалысы, көзбен қолдың байланысы әрі олардың үндестік табуы қатарлылардың бәрі ойншыларды дене жақтан да, ақыл-ой жағынан да шынықтыра түседі. Сол себепті ұлтымыздың тегінен келе жатқан асыққа қатысты немесе асық ойынынан өрбіген: «ешкі асығы деме, қолыңа жақса сақа қой, жасы кіші деме, ақылы асса аға ғой» жане «асығы алшысынан түсті» деген бір қатар терең мағыналы мақал-мәтелдер мен сөз тіркестері бар. Бырақ, асқан асық құмарлық, ойынпаздық ерте кезде де, бүгінде де жұрт көңіліне жаққан жоқ.
Ерзат Біліханұлы
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі