Теміржол құрылысы — экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар саяси ықпалдың қуатты құралы. Қазақстан аумағында теміржол желісінің салынуы Ресей империясының отаршылдық саясатының маңызды элементіне айналды. Қазақ халқының табиғи байлықтарын сыртқа тасымалдау және әскери бақылауды күшейту мақсатында жасалған бұл инфрақұрылымдық жүйе, патша үкіметінің империялық мүддесіне қызмет етті. Алайда осы саясатқа қарсы қазақ зиялылары, соның ішінде алғашқы қазақ инженері Мұхамеджан Тынышбай, өз халқының мүддесін қорғауға күш салды. Бұл мақалада патша үкіметінің теміржол саясаты және Тынышбайдың отаршылдыққа қарсы күресі қарастырылады.
Теміржол құрылысы және патша үкіметінің отаршылдық саясаты
1927 жыл, қазақ даласында салынған вокзалдағы станция
Патша билігінің инфрақұрылымдық стратегиясы
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басында Ресей империясы Қазақстан жерінде белсенді теміржол желісін салуды қолға алды. Бұл үдерістің империяға қолайлы негізгі мақсаттарын қарастырайық:
Атап айтқанда, Орынбор-Ташкент теміржолы (1901–1906) Орта Азия мен Ресейдің арасындағы сауда және әскери қатынастарды нығайту мақсатында салынды. Сонымен қатар Түркістан-Сібір теміржолы (Түрксіб) кеңестік кезеңде жүзеге асқанымен, оның жобасы патша үкіметінің жоспарында болған және негізінен экономикалық мақсаттарды көздеді.
Теміржол құрылысының қазақ халқына тигізген кері әсері
Теміржол салынуы
Теміржол құрылысы қазақ шаруалары үшін ауыр зардаптар әкелді. Патша үкіметі жергілікті халықтың мүддесін ескермей, жаңа теміржол бағыттарын отарлық саясатқа сәйкес белгіледі:
Мұхамеджан Тынышбайдың отаршылдыққа қарсы күресі
Тынышбайтың инженерлік білімі мен саяси ұстанымы
Мұхамеджан Тынышбай — қазақтан шыққан алғашқы инженерлердің бірі. Санкт-Петербургтегі Императорлық теміржол инженері институтын бітіргеннен кейін, ол теміржол саласында жұмыс істей жүріп, қазақ халқының мүддесін қорғауға тырысты. Оның саяси көзқарастары Алаш қозғалысымен тығыз байланысты, бұл қозғалыс ұлттық дербестікті көздеген.
Тынышбайдың қазақ халқына тиіп жатқан кері әсеріне қарсы стратегиялық әрекеттері
Инфографика, “Теміржол бағыттарын халыққа қолайлы аймақтар жүргізген 3 мысал жер.” авторы: Жания Бейсек
2. Қазақ жұмысшыларының құқығын қорғау
Инженер Теміржол құрылыстарына қазақтардың тартылуын қолдады. Бірақ оларды әділетсіз еңбектің құрбаны етпеу үшін үкіметке арнайы ұсыныстар жасаған. Мәселен, ол 1917 жылы Жетісу облыстық комиссары ретінде қазақ шаруаларының мүддесін қорғау үшін теміржол бойындағы қоныс аудару саясатын қайта қарауды талап етті. Сонымен қатар 1926 жылы Түрксіб теміржолы құрылысы кезінде қазақ жұмысшыларын әділетсіз еңбек жағдайынан қорғау мақсатында арнайы еңбек заңдарын қабылдауды ұсынды.
“Мұхамеджан Тынышбайдың ақпараттық мұрасы” инфографикасы, авторы: Жания Бейсек
Тынышбай ұсыныстарының бір бөлігі жүзеге асқанымен, толық көлемде орындалмады. Оның патша үкіметі кезінде жасаған бастамаларының кейбірі қабылданғанымен, қазақ жұмысшылары ауыр жағдайда еңбек етуін жалғастырды. Уақытша үкімет кезінде реформалар талқыланды, бірақ тұрақсыздықтың кесірінен жүзеге аспады. Кеңес билігі Түрксіб құрылысы кезінде оның инженерлік біліміне жүгінгенімен, саяси идеяларын қолдамады. Ақырында, ол репрессияға ұшырап, оның инфрақұрылымдық әділеттілікке қатысты көптеген бастамалары аяқсыз қалды.
3. Саяси қызмет арқылы инфрақұрылымдық саясатқа ықпал ету
Сол жақта Мұхаметжан Тынышпаев. Фото: Tengrinews/Сандуғаш Сұлтан
1917 жылы Ақпан революциясынан кейін уақытша үкіметтің Жетісу облыстық комиссары болған кезде, ол теміржол құрылыстарын қазақ халқының экономикалық дамуына бейімдеуді талап етті. Инженер атамыз қазақ шаруалары мен жұмысшыларының мүдделерін қорғау үшін инфрақұрылымдық шешімдерді қайта қарауды ұсынатын. Оның пікірінше, теміржол желілері тек әскери және отарлық мақсаттарға емес, оған қоса қазақ ауылдарының экономикалық дамуына қызмет етуі керек. Осы мақсатта ол қазақтарды инженерлік қызметке тарту, теміржол станцияларында жергілікті кәсіпкерлікті дамыту және жергілікті халықтың көлікке қолжетімділігін арттыру бойынша ұсыныстарын жасайтын.
4. Алаш қозғалысы арқылы ұлттық инфрақұрылымды дамыту
ХХ ғасырдың басында қазақ халқының экономикалық дербестігін нығайту Алаш қайраткерлерінің негізгі мақсаттарының бірі болды. Тынышбай бұл бағытта теміржол инфрақұрылымының дамуы халық игілігіне қызмет етуі тиіс екенін алға тартты. Ол Түрксіб жобасына қатыса отырып, бұл теміржол желісінің тек шикізат тасымалдауға емес, жергілікті экономиканы дамытуға ықпал етуін қолдады. Алаш қозғалысының жетекшісі ретінде, ол қазақ жұмысшыларының құқығын қорғауға және оларды теміржол саласында кәсіби маман ретінде даярлауға ерекше назар аударды. Алайда оның бұл бастамалары кеңестік билік тарапынан қолдау таппады. 1927 жылы Түрксібтің құрылысымен байланысты қызметінің арқасында оның еңбегі бағаланғанымен, кейіннен саяси айыптауларға ілініп, қудалауға ұшырады. Тынышбайдың инфрақұрылымдық реформаларға қосқан үлесі мен архивтік материалдары бүгінгі күнде Қазақстанның Орталық мемлекеттік архивінде сақталған.
Алаш зиялылары, оң жақтағы астыңғы тұрған М. Тынышбай
Бүгінгі таңда көпшілік арасында “Кеңес үкіметінің орыстары қазақ жеріне теміржол салып берді” деген жаңсақ пікір қалыптасқан. Алайда, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазақ жерінде теміржол салуға тікелей үлес қосқан, оны жобалап, жүзеге асырған тұлғалардың бірі — Мұхамеджан Тынышбай болды. Орыс әкімшілігі теміржолды отаршылдық мақсатта жоспарлағанымен, оның нақты салынуына қазақ инженерлері мен жұмысшылары үлкен еңбек сіңірді. Сондықтан Қазақстандағы теміржол құрылысының бастауында қазақ халқының өз перзенттері тұрғанын ұмытпауымыз керек.
Мұхамеджан Тынышбай Ресей империясының теміржол саясатының отаршылдық сипатын түсініп, оған қарсы түрлі тәсілдермен күресті. Ол инженер ретінде қазақ жеріндегі инфрақұрылымның әділетті дамуына ықпал еткісі келді, алайда патша үкіметінің басқыншылық саясаты бұл әрекеттерге кедергі келтірді. Саяси қайраткер ретінде ол Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі болып, қазақ халқының дербес даму жолына түсуін жақтады. Оның инженерлік және саяси қызметі ұлт азаттығы жолындағы күрестің ажырамас бөлігі болды.
Бүгінгі таңда оның еңбектері мен күресі Қазақстанның инфрақұрылымдық дамуы мен тарихи жады тұрғысынан ерекше маңызға ие. Мұхамеджан Тынышбайтың өмірі мен қызметі қазақ халқының ұлттық бірегейлігі мен тәуелсіздігі үшін күрестің символы ретінде есте қалуы тиіс.
Қолданылған дерек көздер:
Tengrinews.kz — https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/anam-ashekeyn-lyustraga-jasyiratyin-muhametjan-438763/
Egemen.kz — https://egemen.kz/article/363396-tunhghysh-temirdgol-indgeneri
E-history.kz — https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8997
Kazgazeta.kz — https://kazgazeta.kz/news/63629
Rail-news.kz — https://rail-news.kz/kz/railways-history/14550-bugin-qazaqtan-syqqan-tungys-temirzol-inzeneri-muxamedzan-tynysbaevtyn-tugan-kuni.html
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі