Қазақ әдебиетіндегі тарихи оқиғаларды заманауи медиа арқылы қайта бейнелеу
Қазақ әдебиеті – бұл жай ғана азиялықлық абориген не болмаса тек мал баққан көшпенділердің жәй сөз емес, ұлттың жан дүниесі, жүрегінің дүрсілі, сонау Сақ, Ғұндар салған тарихи сананың тамыры. Біздің тарихымыз – үлкен сынақтар мен үлкен жеңістерден тұратын ауыр жол. Бірақ біз де болған күшпен қазір ұлы бола алмаймыз, қазір даму арқылы ғана ертеңді дұрыстай аламыз! Ол үшін бастап тілімізден қазақ әдебиетіндегі тарихи оқиғаларды заманауи медиа арқылы қайта бейнелеу яғни қазіргі цифрлық заманда, адамдардың санасы бір сәтте мыңдаған ақпаратты қабылдап жатқанда, сол тарихи рухты қалай сақтаймыз? Оны жаңа, жарқыраған форматқа салып, жастардың "қара түнек" адасқан “Мен Орыспын, мен Ағылшынмын, мен Жапонмын!” дегізбей “Мен қазақпын, Қазақпын деп мақтанам!” деу үшін жанына жарық беру – міне, бүгінгі міндет, болашақ бастар жолдағы бір түзеу!
Тарихи тақырыптағы әдеби шығармаларды заманауи медиа форматта бейнелеу – бұл мәңгілік мәтінге жаңа тыныс беру секілді. Қазақ кітаптары әлеуметтік желілерге салынғанымен, бәрі енбегені бәрімізге мәлім екені хақ. Бұл зерттеу – ұлттық тарихты жаңа технологиялар арқылы жеткізудің тиімді жолдарын іздеу, яғни дәстүрді жоғалтпай, оны заманға бейімдеу деген сөз! Бәрі ЖИ (Жасанды Интеллект) арқылы заман талабына сай болу да! Ал ол арқылы әдебиетімізді медиа салада дамытуымыз керек, міндеттіміз, себебі: бәрі сол арқылы дамып алса, біз тағы азиялық абориген ұқсап, малымызды бағып қала береміз бе?!!! Қалай дұрысталамыз, ол үшін:
1. Тарихи оқиғаларды әдебиет арқылы бейнелеудің маңызды
Әдебиеттегі тарихи оқиғалар – Отансүйгіштікті сөзбен суреттеу құралы. Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділері» мен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» – бұл жай кітап емес, ұлттың генетикалық коды. Ал батырлар жыры ше оны да ұмытпауымыз керек, дамытып солар ұқсап дамуымыз керек. Ол бізге: «Өмір тым жақсы ғой, түсін соны, қиындыққа мойымай, өзің үшін арпалысшы» дегендей, қиын тарихи кезеңдердегі ата-бабамыздың күресін көрсетеді. Әдебиет арқылы біз еш нәрсені түсінбейтін, бірақ іштей сенгісі келетін бүгінгі жастарға өткен уақыттың мағынасын жеткізе аламыз. Неге Абай атаның айтқандары әлі де өзекті? Себебі: әлі де біз дамуды ертеңге қалдырдық ағайын! Бірақ XXI ғасырдың басы ғана!
2. Медиа технологиялардың ықпалы: Жаңа шырын, жаңа жаз
Қазіргі жас – кітап оқымайды, ол – көреді және тыңдайды. Әдебиет тек кітап түрінде қалса, көп ұзамай оның үнін ешкім естімей қалады. Сондықтан, тарихи әдебиетті медиаға енгізу – «Көзден бетті, беттен жерді сүйет» жаңа форматтарды табу деген сөз:
TikTok: Бір минуттық тарихи мәтін, жұлдыздардан да қатты жарқыраған визуалды контент арқылы тарихи тұлғаның бір сәтін жеткізу.
Подкасттар/Аудиокітаптар да маңызды, мысалы: мен аудиокітапты ұнатамын қазақша сапалы аудиокітап жоқ болғандықтан, орысша, ағылшын кейде жапон, түрікше тыңдаймын, мысалы: «Көшпенділерді» құлаққаппен тыңдау – бұл тарихпен іштей сырласу, «жып-жылы жас» сияқты әсер беретін жаңа тәсіл.
AR/VR: Тарихи оқиға орнында «болу» – бұл жай ойын емес, өткен уақытты ешқашан да қайтып келмейтіндей сезіну мүмкіндігі.
Бұл тәсілдер тарихи мазмұнды жастарға «өмірдің мәнін іздеу бос әрекет» емес, керісінше, өмірді бағалаудың бастауы ретінде ұсынады.
3. Қазақ әдебиетіндегі тарихи бейнелердің медиа нұсқалары
Кино – әдебиеттің ең күшті «айнасы». «Томирис», «Құнанбай», «Ұлы дала таңы» сияқты туындылар әдебиеттегі тарихи кейіпкерлерді «Өтірік күлкі адамдарға жымиған» дүниеден алып, нағыз бейнесін экранға шығарды, қабылдау ыңғайлы болады. Бұл фильмдер – тарихи дерек пен көркем қиялдың қосындысы. Олар әдебиеттің рухани күшін көрерменнің санасына эмоция арқылы тікелей жеткізеді.
4. Заманауи медианың артықшылықтары мен қауіптері
Артықшылығы: Тарихи мәтіннің танымалдығы артып, тарихқа деген сүйіспеншілік күшейеді. «Өмір тым жақсы ғой түсін соны» деген ұстанымды нығайтады.
Қауіптері: Егер медиа арқылы тарих бұрмаланса, онда «Адамдардың жаны қара түнек» күйге түсуі мүмкін. Тарихи шындықтың бұзылуы – «Қазақ елі – ұлы азат ел» деген ұстанымға қайшы келеді. Себебі: біз де тәуелсіздік болғанымен, санамыз әлі құл! Әрі жеңіл формат тарихи салмақты жоғалтып алуы мүмкін. Шынайылықты жоғалтсақ, «асыл сенімді» де жоғалтамыз.
5. Әдебиет пен медианың интеграциясы – жаңа зерттеу бағыты
Әдебиет пен медианың тоғысуы – гуманитарлық ғылымдар үшін бос әрекет емес, мағыналы ізденіс. Болашақ филологтар мен тарихшылар, тек ескі кітаптарды ғана емес, сонымен қатар жаңа медиа форматтарды да зерттеуі керек. Бұл интеграция – тарихи сананы сақтаудың және дамытудың басты жолы.
Қазақ әдебиетіндегі тарихи оқиғаларды заманауи медиа арқылы қайта бейнелеу – рухани мұраны сақтауға берілген үлкен мүмкіндік. Медиа технологиялар тарихи деректерді жап-жаңа жаз сияқты әсерлі түрде жеткізеді. Дегенмен, «Өзіңді бағала, құр жасты тый!» дегендей, біз мазмұндық шынайылық пен көркемдік дәстүрді құрметтеуіміз керек. Әдебиет пен медианың өзара байланысы қазақ мәдени кеңістігінің бақытқа жеткізетін жолы болуы тиіс. Өз әдебиетін медиа арқылы дамытқан елдерден: АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Германия, Қытай, Үндістан, Канада, Италия неміз кем?! Әлде өз тарихымызды жазған адамдарды көре алмай, оқымай, шет елге қызығып бірін-бірі құртпай, не өздері құрымай тыныш таба ма?!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Абдраманов Арсланбек Байрамбаевич – Іштегі әтір. Ақтау: 2025.
Әуезов М. Абай жолы. – Алматы: Жазушы, 2002.
Ісенберлин І. Көшпенділер. – Алматы: Раритет, 2010.
Бегалиев С. Қазақ әдебиетінде тарихи сана көрінісі. – Астана: Фолиант, 2021.
Қалиева А. Медиа және әдебиет тоғысы: заманауи бағыттар. – Алматы: Қазақ университеті, 2023.
Қабдолова З. Әдебиет және уақыт. – Алматы: Санат, 2019.
- Нарша Булгакбаев
- Нарша Булгакбаев
-
- Архимед
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі