Өлең, жыр, ақындар

Ұлттық мәдениет TikTok форматында

  XXI ғасыр мәдениетінің жаңа сахнасы — TikTok.

Бүгінде 60 секундқа сыйған бейне ұлттың дәстүрін, өнерін, тіпті тілін әлемге танытудың ең ықпалды құралына айналды.

2025 жылғы DataReportal дерегіне сәйкес, TikTok қолданушыларының саны әлем бойынша 2,2 миллиардтан асты, оның 76%-ын жастар (18–24 жас) құрайды. Бұл — мәдени кодты қабылдап, оны жаңа формада тарататын негізгі буын.

«#culture» және «#tradition» хэштегтерімен жарияланған бейнелердің жалпы қаралымы 200 миллиардтан асқан. Тек Азия елдерінде емес, Африка мен Латын Америкасында да ұлттық өнер жаңа трендке айналуда.

Мысалы, 2024 жылы Индонезияның jaipong биі TikTok-та 20 миллионнан астам, ал Мексиканың Huapango биі 85 миллион қаралым жинаған.

Сол сияқты қазақтың домбыра күйлеріне жасалған каверлер мен ұлттық киім үлгілерін танытатын видеолар да халықаралық аудиторияның назарын аударып отыр. Дегенмен қысқа форматтың екінші жағы да бар: мәдениет жеңіл қабылданып, терең мазмұн ұмыт қалуы мүмкін. Сондықтан ұлттық құндылықтарды тек көрсету емес, танымдық әрі мазмұнды форматта ұсыну — бүгінгі медиа кеңістіктегі басты міндеттің бірі.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Рашид Нұрайлым


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз