«Болашақта адамдардың орнын роботтар баса ма?» деген сұрақ бүгінде көпшілікті алаңдатады. Соңғы жылдары жасанды интеллект қарқынды дамып, қоғамның түрлі саласына ене бастады. Бұл технология адамның жұмысын жеңілдеткенімен, жаңа мәселелердің пайда болуына да ықпал етуде.
Қазіргі таңда жасанды интеллект білім беру, медицина, қаржы, көлік және медиа салаларында кеңінен қолданылып келеді. Ол үлкен көлемдегі деректерді жылдам талдап, күрделі есептерді қысқа уақытта шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, медицина саласында жасанды интеллект ауруларды ерте анықтауға көмектессе, білім беру жүйесінде оқу процесін автоматтандырып, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар жасанды интеллект экономиканың дамуына да айтарлықтай әсер етуде. Өндіріс орындарында автоматтандырылған жүйелер енгізіліп, роботтар адам еңбегінің бір бөлігін атқара бастады.
Статистикалық деректерге сүйенсек, 2024 жылы әлемдегі өндіріс орындарында шамамен 4,66 миллион өнеркәсіптік робот жұмыс істеген. Сол жылдың өзінде 542 мың жаңа робот орнатылған. Сарапшылардың айтуынша, соңғы он жылда роботтарды қолдану екі есеге артқан. Бұл робототехника мен жасанды интеллекттің қаншалықты жылдам дамып жатқанын көрсетеді.
Жасанды интеллект тек экономикаға ғана емес, адамдардың күнделікті өміріне де әсер етуде. Қазіргі уақытта адамдар ақпарат іздеу, мәтін жазу, аударма жасау немесе күрделі есептерді шығару үшін жасанды интеллект жүйелерін жиі пайдаланады. Мұндай технологиялар уақытты үнемдеп, адамның мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жалпы алғанда, жасанды интеллект қазіргі қоғамның дамуына үлкен әсер ететін маңызды технологиялардың бірі. Ол адамның жұмысын жеңілдетіп, түрлі салалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге оның дамуы жаңа мүмкіндіктермен қатар белгілі бір қауіптерді де туындатуы мүмкін. Сондықтан жасанды интеллектті дұрыс әрі жауапкершілікпен пайдалану – бүгінгі қоғам үшін маңызды міндет. Болашақта бұл технология адамды толық алмастырмай, керісінше оның мүмкіндіктерін кеңейтетін құрал ретінде қызмет етеді деп айтуға болады.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Назым Қорғанбай
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі