Өлең, жыр, ақындар

Шет тілдің шамадан тыс қолданылуы — ұлттық тілге қауіп

    Бүгінде әлемде 7 мыңнан астам тіл бар. Бірақ ғалымдардың болжамынша, 2100 жылға дейін олардың жартысына жуығы, яғни шамамен 3500 тіл, қолданыстан жоғалып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайдың басты себебі — әлемдік тілдердің басым болуы және жергілікті халықтардың өз тілін қолданудан бас тартуы.

Мысалы, ХХ ғасырдың басында Австралияда 400-ден астам тіл болса, бүгінде тек 25-і ғана сақталған.

Африкада да осындай жағдай: 1400 тілдің 600-ге жуығы жойылу қаупінде тұр.

Шығыс Азияда орыс және қытай тілдерінің ықпалынан ондаған шағын тілдер жойылып кеткен.

Бұл — жаһандану дәуіріндегі ең үлкен мәдени сын. Шет тілін білу — дамуға жол ашса да, өз тіліңді ұмыту — ұлттың рухын жоғалту деген сөз. Тіл — тек қарым-қатынас құралы емес, ол мәдениет пен тарихтың айнасы. Сондықтан әрбіріміз өз ана тілімізді құрметтеп, күнделікті өмірде қолданудан бастауымыз керек.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Абдықасым Айша​


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз