Өлең, жыр, ақындар

ЖИ жасаған суреттерді қалай ажыратуға болады?


Қолдар мен аяқтар: ЖИ көбіне адамның қолдарын немесе аяқтарын дұрыс салып бере алмайды, оларда қос саусақ, қисық буын, немесе шындыққа сай келмейтін пропорциялар болады.
Көздер мен бет ерекшеліктері: Көздер әрқашан симметриялы болмайды немесе қас пен көз арасындағы арақашықтық қисық болады.
Фон мен заттар: ЖИ кейде фондағы объектілерді дұрыс орналастыра алмайды. Мысалы: кері жүріп бара жатқан адамдар, дұрыс емес орналасқан мектеп орындығы т.б 

 

Мәтін мен логотип: суретке үніліп қарайтын болсақ, қате жазылған әріпті байқауға болады. 

 

Синтетикалық эффекттер: шынайы фотоға қарағанда  барлық объектілер бір деңгейде, бір жарықта болып, сапалы көрінеді.

Метадеректерді тексеру: суреттің файл ақпаратын тексерсеңіз, кейде “Generated by AI”, “MidJourney”, “DALL·E” деген жазулар шығады. Бірақ кейде ЖИ файлдарды экспорттаған кезде метадеректерді өшіреді.

ЖИ анықтау құралдары: AI Image Detector сайттары бар (мысалы: Hive Moderation, Sensity, Deepware Scanner) – сурет ЖИ арқылы жасалған ба, жоқ па  болжам жасап береді.


WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Майра

қате жазылған әріпті байқамадым

Пікір қалдырыңыз