Өлең, жыр, ақындар

Вейпингтің шындығы: денсаулыққа әсері мен әлеуметтік салдары

    Электронды темекі — құрамында никотині бар, хош иістендірілген сұйықтықпен толтырылған құрылғы. Ол никотин буын шығару арқылы кәдімгі темекіні шегу әсерін имитациялайды.

Электронды темекі алғаш рет 2003 жылы Қытайда пайда болған. Оның патентін қытайлық фармацевт Хон Лик иеленген. Бір жылдан кейін, яғни 2004 жылы, ол Қытай нарығына және халықаралық деңгейге бұл өнімді шығарған алғашқы адам болды.

Бастапқыда вейп шылым шегуді азайтуға арналған балама ретінде ұсынылған еді. Алайда, жарнама мен маркетингтің әсерінен, ол әсіресе жастар мен әйелдер арасында сәнге айналды.

Вейптің құрамы мен қауіптілігі

Ресейлік ғалымдардың зерттеуінше, электронды темекінің құрамында:
    •    62% — пропиленгликоль (PG) – түссіз, тұтқыр сұйықтық;
    •    35% — глицерин (VG) – тәтті дәмі бар үш атомды алкоголь;
    •    3,6% — никотин – жүйке жүйесіне әсер ететін улы алкалоид;
    •    4% — хош иістендіргіштер бар.

Мамандардың айтуынша, вейптегі никотин мөлшері кәдімгі темекіден 2,5 есе жоғары. Ал 1 грамм никотиннің бір жылқыны өлтіре алатынын ескерсек, адамның ағзасына тигізер әсері қаншалықты қауіпті екенін аңғаруға болады.

Ең зиянды заттардың бірі — диацетил. Бұл қосылыс вейпті ұзақ қолданған адамдардың 75%-ында өкпенің қайтымсыз зақымдануына, соның ішінде облитерациялық бронхиолит (өкпе тінінің дәнекер тінмен алмасуы) сияқты ауруларға әкелуі мүмкін.

 Жастар арасындағы вейпинг дағдарысы

Көптеген жасөспірімдер вейпті «қауіпсіз балама» деп қабылдап, оны жиі қолдана бастады.
Статистика бойынша, 14 жастан асқан балалардың 40%-ы кем дегенде бір рет электронды темекіні байқап көрген.

Денсаулық сақтау министрлігінің есебіне сәйкес, соңғы төрт жылда 12–15 жас аралығындағы жеткіншектердің бір реттік электронды шылым сатып алу көрсеткіші үш есеге артқан.
Бұл — әр мектептегі ер балалардың 15%-ы, қыздардың 6%-ы вейп қолданған деген сөз.

Мамандар бұл тенденцияны «жастардың жаңа тәуелділігі» деп атап отыр.

Халықаралық жағдай

Коронавирус пандемиясына дейін АҚШ-та 2500-ден астам адам вейп қолдану салдарынан өкпенің ауыр ауруына шалдыққан. Оның ішінде 50 адам қайтыс болған. Осы оқиғадан кейін Америкада электронды темекі өнімдеріне қатаң шектеу енгізілді.

Бүгінде әлемнің 35 елі вейпке толық тыйым салған, ал 65 мемлекет оның сатылымы мен тұтынуын шектейтін арнайы шаралар қабылдаған.

Қазақстандағы құқықтық шаралар

Қазақстанда да вейп өнімдерін шектеу бойынша жұмыстар күшейтіліп жатыр.
«Құқықтық актілер туралы» заңның 19-бабының 3-тармағына сәйкес, вейп өнімдерінің айналымына қатысты реттеушілік талдау жүргізілуде.

2025 жылғы 31 мамырда мүдделі мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен өткен Сараптама тобының отырысында вейп саудасына толық тыйым салу мәселесі қаралды. Қазіргі уақытта бұл ұсыныс реттеушілік талдау рәсімінен өтіп жатыр, ал Үкімет бұл норманы қолдайтынын мәлімдеді.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Абилгазим Альбина 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз