Өлең, жыр, ақындар

"Жетімдер үйіндегі өмір:өзгеріс пен үміт "

    Кейінгі 10 жылда елімізде балалар үйінің саны мен ондағы тәрбиеленушілер саны 3 есе азайған. Әсіресе Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Павлодар қаласында жетімдер үйі жаппай жабылып жатыр. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

Ресми дерекке сүйенсек, қазір 3 мыңнан аса бала 116 интернаттық ұйымда тәрбиеленіп жатыр. Кейінгі 10 жылда 8 мың бала өз отбасын тапты. Балалар үйінің азаюына жетім балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды материалдық қолдау саясаты әсер етті, - дейді мамандар.

Бұл — қоғамдағы мейірім мен жауапкершіліктің артып келе жатқанын көрсетеді .Әр бала бақытты балалық шаққа лайық , оны жасап беру ата- ананың парызы .

Жетімін жылатпаған ел — рухани бай, жүрегі кең халық. Әр бала бақытқа, сүйіспеншілікке лайық. Сондықтан әрқайсымыздың міндетіміз — жетімнің көз жасын сүртіп, оған үміт пен жылу сыйлау .Мейірім мен қамқорлық -ұлттың ең үлкен байлығы .

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Базарбай Нұрайлым


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз