Өлең, жыр, ақындар

“Адам өміріне төнетін биологиялық қауіп: Nipah және COVID-19 вирусының салыстырмалы эпидемиологиясы”

    XXI ғасыр адамзат үшін жұқпалы аурулар дәуірі болып отыр. 2020 жылы әлемді дүр сілкіндірген COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесінің әлсіз тұстарын көрсетті. Соңғы жылдары жиі аталып жүрген Nipah вирусы да әлемдік қауымдастықтың алаңдауына себеп болып отыр. Бұл вирус сирек кездесетін болса да, өлім көрсеткіші өте жоғары және адам өміріне тікелей қауіп төндіреді.

Nipah вирусы алғаш рет 1998–1999 жылдары Малайзия мен Сингапурда анықталды. Сол алғашқы эпидемия кезінде вирусқа 265 адам жұққан, олардың 105-і қайтыс болған. Бұл кезде өлім көрсеткіші шамамен 40 пайыз болды, бұл вирустың қаншалықты қауіпті екенін көрсетті.

2001 жылдан бастап Бангладеште және Үндістанның кейбір штаттарында Nipah вирусының оқиғалары тіркеліп келеді. 2001–2015 жылдар аралығында Бангладеште 350 адам вирус жұқтырған, олардың 210-ы қайтыс болған. Яғни өлім көрсеткіші шамамен 60 пайызға жетті, бұл көрсеткіш вирустың адам өміріне тікелей қауіп төндіретінін дәлелдеді. 2018 жылы Үндістанның Керала штатында эпидемия орын алып, 19 адам вирус жұқтырды, олардың 17-сі қайтыс болды. Бұл оқиға өлім көрсеткішінің 89 пайызға жеткенін көрсетті. 2023 жылы Бангладеште тағы бірнеше жағдай тіркелді, олардың 11-і расталған, 8-і қайтыс болды, бұл да өлім көрсеткішінің өте жоғары екенін көрсетті.

Ал 2026 жылдың қаңтарында Үндістанның Батыс Бенгалия штатында Nipah вирусының екі расталған жағдайы тіркелді. Қазір бұл науқастар бақылауда және ешбір өлім тіркелген жоқ. Сонымен қатар, олардың барлық байланыстағы адамдарынан вирус анықталған жоқ. Бұл қазіргі эпидемиялық жағдайдың бақылауда екенін және өлімнің шектеулі екенін көрсетеді. Жалпы тарихи статистика бойынша Nipah вирусын жұқтырған адамдардың 40–75 пайызы қайтыс болды. Бұл көрсеткіш вирусқа қарсы ешқандай арнайы ем немесе вакцина жоқ екенін және оның аса қауіпті екенін көрсетеді. Сонымен қатар, вирус сирек кездесетін болғанымен, оның адам өміріне тікелей қауіп төндіретіні, локалдық эпидемия кезінде өлім көрсеткіші өте жоғары екені статистикалық деректермен дәлелденеді.

Nipah вирусы — сирек кездесетін, бірақ өлім қаупі өте жоғары инфекция. Дегенмен қазіргі бақылау шаралары және алдын алу протоколдары оның таралуын шектеуге мүмкіндік береді. COVID-19 тәжірибесі бізге қауіп-қатердің алдын алу мен дайындықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Сондықтан Nipah вирусына қатысты ақпараттандыру мен сақтық шаралары оның әлеуетті қауіптілігін төмендетуге бағытталған.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Ушкемпир Гүлсезім​


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз