Өлең, жыр, ақындар

«Әлемде қанша адам болса, сонша тіл болады…»

    Иә, дұрыс оқыдыңыз. Бұл сөз «Можно ли перевести эту любовь» атты корей дорамасынан алынған цитата. 2026 жылдың ең алғашқы, махаббатқа толы дорамасынан алынған бұл ой көпшіліктің жүрегіне әсер етті. Дорама 14 бөлімнен тұрады.

Қызықты фактілер:

  1. Бұл дораманы 2019 жылға жоспарлаған, алайда COVID-19 пандемиясына байланысты түсірілім кейінге шегерілген;

  2. Бастапқыда басты рөлдерге Сон Сок Гу мен Хан Со Хи ұсынылған;

  3. Түсірілім Канада, Жапония және Италия елдерінде өткен.

Бұл цитатаның шығуына дораманың басты кейіпкерлері — аудармашы Джу Хо Джин мен актриса Ча Му Хи себепкер болады. Олардың арасында махаббат сезімі бірден пайда болмайды, себебі екеуі бір-бірінің «махаббат тілін» түсінбейді. Алғашқы кездесулері де ерекше өтеді. Олар Жапонияда танысады. Му Хи бұрынғы жігітін іздеп барса, Хо Джин ағасының жаңа кітабын жапон тіліне таныстыруға көмектесу үшін сапарға шыққан еді. Оқиға осылайша біртіндеп өрбиді. Арада айлар өткенде актриса жаңа фильмге түсіп жүрген кезінде түсірілімнің соңғы күнінде биіктіктен құлап, бір жыл бойы комада жатады. Осы уақыт ішінде «До Ра Ми» атты хоррор фильмі әлемдік деңгейде хитке айналады. Бұрын Instagram желісінде 10 000 жазылушыны армандаған қыздың парақшасындағы оқырман саны 10 000 000-ға жетеді. Кішкентай жобаларда эпизодтық рөлдерде ғана ойнаған, аса танымал емес актриса күтпеген оқиға арқылы бүкіл әлемге танылады. Оның өмірі түбегейлі өзгереді.

«Тағдырдан қашып құтыла алмайсың» дегендей, аудармашы жігіт пен актриса тағы да жолығады. Бұл жолы Хо Джин Му Хиді өзі іздеп барады. Бұған себеп — Жапонияда Му Хидің Хо Джинді теңіз жағасында тұрған сәтінде рұқсатсыз суретке түсіріп, Instagram желісіне «Рахмет, Papago» деген жазумен жариялауы. Осы жазбадан кейін жігітке таныстарынан «Бұл сен бе?», «Актрисамен кездесіп жүрсің бе?» деген сұрақтар жиілей бастайды. Интроверт мінезді жігітке бұл жағдай ұнамай, суретті өшіруді сұрайды. Алайда Му Хи одан бас тартады.

Уақыт өте келе қыз жігітке ғашық болады, ал Хо Джин оны тек дос ретінде қабылдайды. Кейін Му Хи жаңа романтикалық жобаға жапон актері Хиромен қатысады. Екеуі де тіл білмегендіктен, жобаға аудармашы ретінде Джу Хо Джин шақырылады. Осы сәттен бастап аудармашы мен актриса арасындағы сезім өзгере бастайды. Олардың жолы Жапонияда тоғысып, Канадада айырылысып, Италияда қайта табысып, ақырында Кореяда бақытты өмірмен жалғасады.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Рысбекова Майра​


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз