Бүгінде қазақстандық жастар үшін шетелде білім алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді. Әлемнің жетекші университеттерінде тегін немесе толық қаржыландыру арқылы білім алуға мүмкіндік беретін халықаралық бағдарламалар саны артуда. Мұндай мүмкіндіктер студенттерге сапалы білім алып қана қоймай, жаңа ортада тәжірибе жинақтап, кәсіби көкжиегін кеңейтуге жол ашады. Жастар арасында кеңінен танымал білім беру бағдарламаларының бірі – Türkiye Bursları. Бұл – Түркия мемлекетінің шетелдік студенттерге арналған ресми гранттық бағдарламасы. Бағдарлама бакалавриат, магистратура, докторантура және ғылыми-зерттеу бағыттарын қамтиды. Сонымен қатар белгілі бір сала мамандарына арналған арнайы мүмкіндіктер де ұсынылады.
Тағы бір беделді бағдарлама – Fulbright Program. Бұл бағдарлама АҚШ университеттерінде магистратура немесе ғылыми зерттеу жүргізуге толық қаржыландыру ұсынады. 1946 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл жоба – әлемдегі ең ірі халықаралық білім беру бағдарламаларының бірі.
Еуропада білім алуға мүмкіндік беретін бағдарламалардың ішінде Erasmus Mundus ерекше орын алады. Бұл бағдарлама Еуропа одағы аясында жүзеге асырылады және магистратура деңгейінде білім алуға бағытталған. Оның басты ерекшелігі – студенттер бірнеше елдің университеттерінде қатар оқып, оқу соңында бірлескен диплом алады. Сонымен қатар бағдарлама оқу ақысын, медициналық сақтандыруды және виза рәсімдеу шығындарын толық қамтиды.
Шетелдік білім беру бағдарламалары – жастар үшін үлкен мүмкіндік әрі сенімді болашаққа бастар маңызды қадам. Мұндай бағдарламалар тек білім алуға ғана емес, жаңа мәдениетті тануға, халықаралық тәжірибе жинауға және жеке тұлғалық дамуға жол ашады.
«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Берікқызы Айзере
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі