Өлең, жыр, ақындар

Теннис "тірі": Синнер мен Алькарас дәуірі басталды

     2004-2011 жылдары теннис әлемінде Рафаэль Надаль мен Роджер Федерер үстемдік құрды. 2011 жылдан бастап Новак Джокович монополистке айналды. Ал бүгінгі тенннисте мүлде басқа буын. Карлос Алькарас пен Янник Синнер бәрінен бір бас жоғары.

Кезінде «Уимблдон» (шөптегі корт) – Федерердің, «Роллан Гаррос» (грунт) – Надальдың, ал «Australian Open» (хард) – Джоковичтің меншікті турнирі болатын. Қазір болса Синнер мен Алькарас корт талғамайды. Кез-келген турнирде өзінің максимумын көрсетеді. Соңғы төрт «үлкен дулыға» додасын алып қарасақ, оның үшеуінің финалында Алькарас пен Синнер кездескен. АТР әлем рейтингісінде де қос дүлдүл көш басында иық тірестіріп келеді: Алькарас – бірінші, Синнер – екінші орында. Екеуара соңғы 10 матчтағы көрсеткішке үңілсек, Алькарас сәл ғана басымдықпен алда тұр. Оның еншісінде алты, ал Синнерде төрт жеңіс. Осыдан-ақ теннисте жаңа дәуір басталды деуге толық негіз бар. Енді Алькарас пен Синнер болған турнирдің бәрінде чемпиондықты сарапқа салатындай. Олардың аптығын басатын теннисші қазір жоқтың қасы.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Бақи Азамат​


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз