Өлең, жыр, ақындар

Дәстүрлі және жаңа медианың тоғысуы: Қазақстандық ақпараттық кеңістіктегі трансформация

     Бүгінгі ақпарат көздері тікелей БАҚ және медиа арқылы іске асады.Бұлар ақпарат алмасуда қоғамның ажырамас бөлігіне айналды.Егер бұрын адамдар жаңалықтарды тек теледидардан көріп, газеттің шығуын күтіп отырса, бүгінгі күнде салыстырмалы түрде ақпарат смартфон арқылы бірнеше секундта тез жетеді.  Технологиялық өзгерістер қоғамдағы  ақпараттың жылдам таралып қана қоймай, оқырман мен журналист арасындағы байланыстың нығаюына  әсер етті. Бірегей жаңа деңгейді қалыптастырып,дәстүрлі және жаңа медианың тоғысуын тудырды.Қазақстанның ақпараттық кеңістігі де осы жаhандық өзгерістен тыс қалған жоқ.Өзгерістің айқындалуы -  трансформация арқылы жүзеге асса, журналистика саласы түбегейлі трансформацияға ұшырады.     
    Дәстүрлі медиа мен жаңа медианың тоғысуы - тек технологиялық құбылыс емес, ол қоғамның ойлау жүйесіне, ақпарат қабылдау мәдениетіне және журналистиканың жаңа форматына тікелей ықпал етті.                                                               
    Қазақстандық ақпараттық кеңістікте де соңғы он жылдықта үлкен өзгерістер байқалды. Газет пен теледидар өз беделін сақтауға тырысып жатқанда, әлеуметтік желілер жаңа аудиторияны жаулап алды. Көптеген журналистер блогерлікке бет бұрды, ал дәстүрлі БАҚ өз контентін интернетке бейімдеп, жаңа форматқа көше бастады.                 
     Менің ойымша, қазіргі медианың басты ерекшелігі — оның шекарасыздығы мен жылдамдығы. Бұрын жаңалық тарату үшін уақыт керек болса, қазір бір оқиға секундтар ішінде қоғамға жетеді. Осы өзгерістер дәстүрлі медианы жаңашыл бағытқа итермелеп, ақпарат саласында жаңа мәдениетті қалыптастырды.Жаңа медиа қаншалықты дамыса да, дәстүрлі медиа әрқашан да қолдаушысы болды. Сондықтан бұл мақалада дәстүрлі және жаңа медианың байланысын, олардың Қазақстандағы даму бағытын және осы тоғысу процесінің қоғам мен журналистикаға әсерін қарастырамын.      

Негізгі бөлім

    Дәстүрлі медиаға — теледидар, радио және баспасөз жатады. Бұл құралдар ұзақ жылдар бойы халықтың басты ақпарат көзі болып келді. Дәстүрлі медианың ерекшелігі – ақпаратты орталықтандырылған түрде таратуы, яғни журналист пен редактор басты сүзгі қызметін атқарады. Ақпарат аудиторияға дайын күйінде, кәсіби өңделіп жетеді.Бұл медианың да заман ағымына байланысты өзіндік артық-кемшіл тұстары бар. Біріншіден, ғаламтордағы және сайттардағы ақпараттар қандай да бір техникалақ ақаулардың кесірінен жойылып кету қаупі бар.Ал қағаз бетіндегі дүние біршама сақталып қалу мүмкіндігі жоғары болады.Екіншіден, әлеуметтік желілердегі мақалалардан гөрі,  газеттегі немесе күнделікті теледидардан көріп жүрген жаңалықтар мен жүргізушісіне сенеді.Халықтың бірден жаңалықтың шынайы-жалған екенін іздемей-ақ сүзгіден өткен,нақтылық жүйесіне  назар аударуымен байланысты.  Кемшілігіне келетін болсақ,жаңалықтар бірнеше сағатқа кеш шығады және пікір алмасып, ойын жеткізуде тілдесіп,қоғаммен қарым-қатынас орната алмайды. 
    Жаңа медианың іске асуында - Қазақстандық медиа саласында соңғы жылдары жаңа буын журналистері қалыптасып келеді. Олар тек жазбаша мәтінмен емес, бейне, аудио, подкаст, инфографика арқылы ақпарат ұсынады. Бұл – конвергент журналистика деп аталады. Бұл медиадағы “төртінші билікті” негізігі ғылыми құрылымдарын біріктіруге шақырады.Мұндай мамандар камерамен жұмыс істей алады, монтаж жасайды, мәтін жазады және әлеуметтік желілер арқылы материалын жылдам таратады. Жаңа медианың дамуы журналистика мамандығын да өзгертті.  Бұл — медиа индустрияның икемді әрі жылдам болуының дәлелі.Сондай-ақ уақыт үнемділігі мен пікір алмасу, телефон, газет, журналдардың бәрін қамтыған біртұтас жүйе тәріздес. 
   Дәстүрлі және жаңа медианың тоғысуы-қоғамның рухани және мәдени өмірін де қалыптастырды.Мысалы, “Aiqyn” газеті мен “Khabar” телеарнасы халық арасындағы жағдайлар мен елдің құқықтық және экономикалық мәселелерін талқыға салуымен маңызды жаңалықтардың куәсі болды.Бірақ адамдар жаңалықты көбінесе газеттен емес, Instagram, Telegram, сайттардан немесе TikTok-тағы қысқа видеолардан алады. Жаңа медианың артықшылығы – жылдамдық, интерактивтілік және аудиториямен тікелей байланыс.Дегенмен жаңа медианың кемшілігі де бар: тексерілмеген ақпараттың көп таралуы, фейк жаңалықтардың көбеюі және кәсіби журналистика стандарттарының әлсіреуі. Осы тұста дәстүрлі БАҚ пен жаңа медианың тоғысуы, яғни бірігуі қажет болды.           Сонымен қатар медиа саласында экономикалық модель де өзгерді. Бұрын БАҚ-тың басты табысы жарнамадан түссе, енді цифрлық дәуірде монетизация жаңа жолдармен жүреді: YouTube серіктестігі, Patreon қолдауы, жазылу жүйесі және брендтік контент арқылы. Бұл медиа нарықтың өзін-өзі қаржыландыру мүмкіндігін арттырады.    
    Қорытындылай келе, дәстүрлі және жаңа медиа бір-біріне қарсы емес, керісінше, бірін-бірі толықтыратын жүйеге айналды. Егер дәстүрлі БАҚ шынайылық пен сенімділік символы болса, жаңа медиа ашықтық пен жылдамдықты қамтамасыз етеді. Екеуінің тоғысуы – Қазақстандағы ақпараттық кеңістіктің даму бағытын айқындайтын басты фактор.Әсіресе Telegram-арналар – жылдам жаңалықтың негізгі көзіне айналды. Мұндай арналарда ақпараттың жариялануы мен оқырманның пікір білдіруі қатар жүреді, бұл журналист пен қоғам арасындағы шекараны жояды.Бұл — гибрид медиа деп аталатын жаңа кезең. Мұнда дәстүрлі медиа жаңа медианың құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты заманауи форматта жеткізеді.Сонымен қатар журналистика қоғаммен тығыз байланыс орнату үшін онлайн пікірлер мен оқырман реакциясын ескеруге мәжбүр. Бұл – журналистердің тек хабар таратушы емес, ақпарат ағынын басқарушы рөліне көшуі.


Пікірлер (4)

Баян

Тамада????

Антон

Өте күшті, көмектесті

Дариға

Өте керемет мақала

Тайный автор

керемет????

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар