Өлең, жыр, ақындар

Нағыз журналист қандай болу керек?

Адам баласы мамандық таңдаған кезде ең алдымен өзінің қабілетіне қарай таңдайды. Негізі журналистика мамандығы табандылық пен мінезділікті талап етеді. Себебі, кез келген адам топ ішін жарып шығып, кез келген жерде өз ойын еркін білдіре алмайды. Ол үшінде журналистке тән күш қайрат, батылдық жалпы қайтпас қайсар мінез қажет. Біз журналистер кез келген тақырыпта, кез келген жағдайда, кез келген проблеманы өзіміздің мақаламызбен халыққа дәл әрі нақты жеткізе аламыз. Біздің мақаламыздың сапасы, еңбегіміздің нәтижесі және біздің журналист деген атауға лайықты екеніміздің бірден бір көрінісі. Менің ойымша мінезсіз қаламгерді журналист деп атауға болмайды. Олай ойлауымның себебі, мінезсіз адам журналист болып бар шындықты жеткізбек түгіл, жеке өмірінде жетістікке жетіп, алға жылжуы екі талай. Бұл мамандық табандылықты, ізденімпаздықты талап еткендіктен, журналистика мамандығының маңайында шыдамды, мінезді адамдар ғана қалады. Нағыз журналист, яғни мінезді қаламгер тек шындықты жазуға тиіс. Өзіне деген қызығушылығымды оята білген нағыз қаламгердің бірі Гүлзейнеп Абдрахманова. Оның жазған мақалаларынан қазақтың мінезді журналистерінің бірі екені айқын аңғаруға болады. Ол шығармашылық жолда өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан өмірдің әр саласында қалам тербейтін қарымды журналист. Гүлзейнеп Абдрахманованың адамның ішкі табиғатын ашуда өзіндік мінезі бар, тілі ұлттық нақышта өрілген әңгімелері оқырмандар ілтипатына ие. Менің оны мінезді қаламгер атап отыруымның дәлелі оның бүгінгі таңда жеткен жетістіктері және халықты аузына қарата алған, өзіндік оқырмандарын таба білген журналист бола алғандығы. Көбіне адамдар журналистика мамандығын қиын әрі жауапкершілігі мол мамандық деп санайды. Негізінде бұл рас, бірақ қабілетті маманға бұл ауыртпашылықтар жетістікке жету жолындағы кедергі болып табылады. Адам бұл мамандық иесі атануы үшін көп еңбектенуі керек. Журналистика тек қызығушылықтан таңдайтын мамандық емес, ол көп ізденісті, сол жұмысқа деген сүйіспеншілік пен махаббатты талап ететін мамандық. Журналистиканы сүймеген одан ләззат ала алмаған адам, оның биік шыңына шығып, шындықты шырқырата жазуы өте қиын. Кез-келген адам журналист бола алмайды. Қалай кез-келген адам үлкен мәселені көтермек? Қалай кез-келген адам өз басын қиындыққа апармақ? Журналист батыл болуы шарт. Журналист нағыз әіділдік пен шындықты жазуы тиіс. Өмірде бәрі де мүмкін. Мүмкін барлығы журналист бола алатын шығар, бірақ нағыз журналист бола алмайды. Туа біткен қабілеті бар, оқыған, ізденген, талпынған, білімді, сөзге шешен, қайратты, оқырман іші-бауырына кіріп, баурап ала алатындай ең бастысы мінезді, әділ әрі шебер болса, міне сол нағыз журналист! Ал нағыз журналист- ол мінезді қаламгер!

 

 

 

                                                                                                "Тұран" университетінің  2 курс студенті  Шарапиева Рысалды


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Нұржамал таставекова

Сақтардың өмір сүрген кезеңі

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз