Өлең, жыр, ақындар

Журналист болғым келеді

Бала кезімде арманымда шек болмаушы еді. Көрген де,  көрмеген де нəрсемді армандаушы едім. Өсе келе, ақыл-ойым толысып, өмірді шынайы бейнесінде қабылдай бастағандықтан, арманымның бағыты да өзгерді. Менің арманым - журналист болу.

Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев: «Жарқын болашақ-жастардың қолында» дегендей біздің болашағымыз өз қолымызда. «Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та бар қалан», - деп халқымыздың ұлы ақыны,ойшылы, қара сөздің қас шебері Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам «өмір» атты дүниенің табалдырығын аттағаннан кейін өз орнын табуға тырысады, яғни өседі, өнеді, «еңбекпен тапқан нан тəтті» демекші, қалаған мамандықтарының қызығын көреді. 

Мамандық таңдау – адамның жас шағында қабылдайтын ең маңызды шешімдерінің бірі. Бала күндерімнен бастап,  теледидардан сөйлеп жатқан аға - əпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мəнеріне ғашық болдым. Есейе келе, бұл арман- алға қойған мақсатқа айналды. Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы алтын көпір. Таразының басын тең ұстай алар тұлға, ол- журналист. Журналисттің ойы ұшқыр, кез келген жағдайға дайын, төзімді болу тиіс. Ақпарат көзі қайда болса, сол ақпаратты бірінші болып халыққа жеткізудің жолдарын қарастыру керек.

Міне, менде биыл 11-сыныпты бітіргелі отырмын. Мен болашақта нағыз журналист болғым келеді. Халықпен бірге тыныстап, елімізде болып жатқан жаңалықтың жаршысына айналуды армандаймын. Менің ойымша, бұл мамандықтың қыр-сыры өте көп. Бұл мамандық əдеби тілді, сауаттылықты қажет етеді деп түсінемін. Əрдайым газет-журналдарды оқи отырып, əр тақырыптағы мəселелерді зерделеп, ой елегінен өткізіп отырамын. Іздене отырып, менің журналистикаға деген құлшынысым арта түседі.

Менің мақсатым – тек қана журналист болу емес, қоғамға керекті, елімізге еңбегі сіңер, атқарған жұмысымен үлгі болар, нағыз кəсіби маман атану. Бүгінгі күнде журналистиканың қыр -сырын толық бімесем де бұл жолда аянбай еңбек етіп, өз ізімді  қалдыру, білікті де білімді мамандардың қатарында болу үлкен арман. Ал, арман адамды баулып, үлкен бір асуларға жеткізетін дүние.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (5)

Абзал

журналист ка тусу ушин кай универ жаксы деп ойлайсыздар

Тимур

Шетелдегі кез келген университет)

Айзере

Менің пікірім өте қызық. Өйткені журналист болу менің ең сүйікті мамандығым. Неге десеңіз журналист қызықты маман

Қасиет

Журналист мамандығы ең керемет мамандық. Меніңде журналист болғым келеді. Бұл мамандық мені алға жетелеп келеді. Осы журналист мамандығының арқасында менің өмірге деген құлшынысым артып келеді

Қасиет

Менің журналист болғым келеді

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер