Ертеде бір кемпір мен шал өмір сүріпті. Мал дегеннен сауатын үш сиыры болыпты. Шал күн сайын сиырын жайып келеді де, кемпірі сүт пісіріп, тамақ істейді екен.
Бір күні сиырдың бірін қасқыр жеп кетеді. Кешкісін үйіне келген шал кемпірінен қорқып:
— Кемпір, екеуімізге екі сиыр болады ғой деп бір сиырды алтынға саттым, - деп өтірік айтып келеді.
Шал ертеңінде қалған екі сиырын өріске апарып жайып отырғанда, дағдылы қасқыр келіп, тағы бірін тартып жейді. Шал кемпіріне:
— Кешегі сиырды сатып алған саудагер артық алтын беретін болған соң, сиырдың бірін тағы сатып келдім, –дейді.
—Енді қашан қолға алтын түскенше қалған жалғыз сиырды сата көрме, аштан өлерміз, қарағанымыз осы сиыр емес пе? – дейді кемпірі.
Дәнігіп аңдып жүрген қасқыр өріске келген жерінде шалдын жалғыз сиырын тартып жеп кетеді. Бар сиырдан осылай айрылған шал жылай-жылай үйіне қайтады. Ол кемпіріне келіп, алтынға қызығып қалған жалғыз сиырды тағы саттым, – дейді.
Сонда кемпірі:
—Үш сиырдың алтынына тамак, қой сатып әкел, – деп шалды қуып жібереді. Шал алтын іздеп иен далада қаңғып келе жатып, жапан түздегі бір үлкен ақ үйге көзі түседі. Осы үйге барып алтын сұрайын, –деп келсе түндігі жабулы, есігі бекітулі, ішінде бірдеңе күбір-күбір сөйлейді. Үй ішіндегі сөйлегендер адамнан қорқып, есігін бекітіп түндігін жауып алған жалмауыздар еді. Шал есігін ашам деп тырмалай түседі. Үй ішіндегі жалмауыздар жаны қалмай, біздін жанымызға ешбір жан жоламаушы еді деп одан әрі қорқады. Екі жалмауыз келісіп, не қылған жан екен, жөнін сұрап, қажетін беріп құтылайық, дейді де і штен .
— Кімсің? Не керек? – дейді. Сонда шал:
—Адаммын, аз ғана сиырдан айрылып, алтьн сұрап жүрмін, – дейді.
Жалмауыздар «пәледен машайык қашыпты» деген, алтын беріп құтылайык, – деп жабықтан бір дорба алтын береді. Алтын тапқан шал қуанып, кемпіріне қайтады. Шал кеткен соң, әлгі үйге қасқыр келеді. Жалмауыздар қасқырға,шал келіп алтын сұрағанын, одан қорқып, алтын беріп құтылғандығын айтады.
Сонда қасқыр күліп:
— Ол қарт, мен үш күнде үш сиырын тартып жеген шал екен, артынан қуып барып, алтынды әкелемін деп тұра ұмтылады. Сонда жалмауыздар:
— Сен қасқыр, ақымақсың, айлалы адам қайлалы әдісін істеп өзіңді мерт етеді. Сосын келіп бізді құртады, – деп жібермейді. Қасқыр күш бермей барамын деп есікке ұмтылады. Сол арада жалмауыздар қасқырды балтамен ұрып өлтіреді.
Шал үйіне есен жетіп, кемпірі екеуі алтынды сатып, тамақ тауып жеп күнін көре береді. Сөйтіп қорыққан бұрын жұдырықтайды дегендей; бірінші жыртқыш екінші жыртқышты құртып,кемпір мен шал бұрынғысындай өмір сүріпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі