Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек», — деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні сауысқан көршісіне:
— Екеуміз бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз, — дейді. Көкек:
— Менің ұя салатын қуатым да, қаруым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер,- деп келіспейді.
Сауысқан көкектің көмегін күтпей-ақ, ұя салуға кірісті. Ол ұясының қабырғаларын жас бұтақтармен тасалап, берік етіп өрді. Оны шыммен, өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды.Іші-тысын саз балшықтармен сылады. Кішкене бұтақтардан құрастырып, шағын қақпалы есік жасады. Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай-қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек» дегендегі р-ды айта алмай, «керек» деудің орнына «келек, келек» дейді. Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үй-іші де жоқ. Жұмыртқасын кез-келген ұяға табады, оны басқа құстар басып, балапан шығарады. Шібилер жетім өседі.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
17.12.2024 20:22
07.11.2024 10:34
05.11.2024 19:53
03.11.2024 14:51
16.09.2024 12:34
Қателік орын алды
SYSTEM INFO
Динара
қызық ертегі, тәрбиесі мол