Үлкенге құрмет

Басты бет / Әңгімелер, Мақалалар / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Оқушылардың өзге жұмыстары / Үлкенге құрмет

Үлкенге құрмет — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — Қысқа әңгімелер, ғибратты оқиға, ақылды әке — осы тақырыптарға байланысты.

Үлкенге құрмет

      Егде жастағы еуропанәсілді ер адам (курьер), кавказдық отбасына тасымал зат әкелді. Қолында үлкен қорап. Үй иесі курьердің қолынан қорапты алып, жылы жүзбен құрмет көрсете амандасты. Үйдегі ер балалар түгел курьермен тегіс амандасып шықты. Тек, Ибраһим ғана ас ішіп отыра берді. Әкесі ашу қысқан таңданысты жүзбен ұлына қарап:
- Ибраһим! Көрмей тұрсың ба? Үйге жасы үлкен адам келді! - деді.
Ибраһим:
- Ой, әке! Қайдағы бір курьерге амандасамын ба? Ас ішіп отырмын, қолым тимейді! - деп, дөрекі жауап қатты.
     Ыңғайсызданған курьер қайтуға қамданды. Үй иесі:
- Тамаққа келіңіз! - деді күлімдеп, әрі ұлы үшін ұялып.
Курьер:
- Көп рақмет!  Баратын жерім өте көп.. Кешігіп жатырмын! - деп, разылықпен жымиды.
Үй иесі:
- Көлігіңіз бар ма?
Курьер:
- Жоқ.
Үй иесі:
- Сонда сіз осынша затты жаяу тасып жүрсіз бе? Сосын ұлына қарап:
- Ибраһим, тез киін де машинаны оталдыр! Үлкен кісінің тапсырыстарын бірге таратыс. Осыдан кейін бәлкім адамдарды статусына қарамай құрметтеуді үйренетін шығарсың?! - деді.
      Әкесіне қарсы шығуға қорыққан Ибраһим, курьерді ертіп шығып кетті.. Курьердің "Керек емес! Өзім.." дегенін ешкім тыңдаған да жоқ.

Шет елдік рилстан көріп, қағазға түсірген:
Гүлмекен Қасенбай
29.12.2025 ж



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Үлкенге құрмет материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа мақалалар Қысқа әңгімелер тақырыбындағы мақалалар ғибратты оқиға тақырыбындағы мақалалар ақылды әке тақырыбындағы мақалалар gumakanapia жариялаған басқа материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Үлкенге құрмет деген не?

Бұл бетте Үлкенге құрмет тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.