Адам бала мамандық таңдағанда, ең алдымен өз қабілеті мен қызығушылығына назар
аударады. Журналистика – тек қызықты әрі көрікті сөздерді жазу емес, бұл –
табандылық пен мінезділікті, ізденімпаздық пен батылдықты қажет ететін мамандық.
Кез келген адам көпшілік алдында өз ойын ашық жеткізе алмайды, әрқашан сынға
төтеп бере алмайды. Сол себепті нағыз журналист тек қана білімді емес, сондай-ақ
күш-қайратқа, батылдыққа және қайтпас мінезге ие болуы керек.
Журналист кез келген тақырыпты, кез келген мәселені халыққа дәл әрі нақты жеткізе
білуі тиіс. Мақаланың сапасы – оның еңбегінің жемісі, ал сол еңбектің нәтижесі –
журналистің кәсібилігі мен мамандыққа деген жауапкершілігін көрсетеді. Мінезсіз
қаламгер шындықты жеткізе алмайды, жеке өмірінде де жетістікке жетуіне қиындық
туады. Сондықтан журналистика тек табанды, шыдамды және ізденімпаз адамдарға
ғана қолжетімді.
Нағыз журналисттің басты қасиеттерінің бірі – шындықты жазуға деген адалдық. Мұны
дәлелдейтін мысал – қазіргі қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасын
қалыптастырған қаламгерлер. Мысалы, Гүлзейнеп Абдрахманова шығармашылығы
арқылы адамның ішкі жан дүниесін аша білетін, тілін ұлттық нақышта өріп, оқырманын
баурай алатын шебер журналист екенін көрсетеді. Оның жетістіктері – мінезді, білімді
және шығармашылыққа толы журналисттің үлгісі.
Көбіне адамдар журналистиканы қиын әрі жауапкершілігі мол мамандық деп есептейді,
және бұл шындық. Бірақ қабілетті адам үшін бұл кедергі емес, керісінше – жетістікке
жету жолындағы сынақ. Журналистика тек қызығушылық үшін таңдалмайды, ол
еңбекті, ізденісті, шын сүйіспеншілікті талап етеді. Кез-келген адам журналист бола
алады, бірақ нағыз журналист болу – әркімге бұйыра бермейтін қасиет.
Нағыз журналист – бұл туа бітті қабілеті бар, білімді, сөзге шешен, қайратты, әділ және
мінезді адам. Ол қоғамдағы шындықты қорықпай жеткізеді, оқырманның жүрегіне жол
табады. Сол себепті нағыз журналист – мінезді қаламгер, шындық пен әділдікті сөз
арқылы жеткізе алатын шебер адам.
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі