Мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі ең маңызды әрі жауапты қадамдардың бірі. Дұрыс таңдалған мамандық адамға өз қабілетін толық ашуға, қоғамға пайда әкелуге және өмірден қанағат алуға көмектеседі. Ал қате таңдау уақыт пен күштің зая кетуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандықты саналы түрде, түрлі әдістерді қолдана отырып таңдау қажет.
5 әдіс: 1.Ең алдымен адам өзін жақсы танып алуы керек. Қай пәнге қызығатынын, қандай істе қабілеті бар екенін, немен айналысқанда өзіне сенімді болатынын анықтау маңызды. Өз қызығушылығын түсінген адамға мамандық таңдау жеңілдейді.
2.Мамандық таңдауда түрлі психологиялық тесттердің де көмегі бар. Олар адамның қай салаға бейім екенін көрсетеді. Мұндай тесттер нақты шешім қабылдатпаса да, бағыт береді.
3,Сонымен қатар мамандықтар туралы ақпарат жинау қажет. Әр мамандықтың ерекшелігін, болашағын, қоғамдағы орнын білу арқылы адам өзіне сәйкес келетін саланы анықтай алады. Бұл үшін интернет, кітаптар және мамандардың пікірлері пайдалы.
4.Практика жасап көру де өте тиімді. Үйірмелерге қатысу, курстарға жазылу немесе белгілі бір салада уақытша жұмыс істеу арқылы адам ол мамандықтың өзіне сай келетінін немесе келмейтінін түсінеді.
5.Соңында ата-ана, мұғалім, психолог секілді тәжірибелі адамдардың кеңесін тыңдаған дұрыс. Бірақ шешімді өз қалауына сүйене отырып қабылдау қажет
- Оразбай Сарыбаев
- Виктор Франкл
- Карл Густав Юнг
- Эрих Фромм
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі