Дәрігерлер неге ақ халат киеді? Ақ халаттың шығу тарихы

Басты бет / Қызықты деректер, Пайдалы мәліметтер / Денсаулық / Дәрігерлер неге ақ халат киеді? Ақ халаттың шығу тарихы

Дәрігерлер неге ақ халат киеді? Ақ халаттың шығу тарихы — Денсаулық бөліміндегі материал.

Материал — дәрігерлер неге ақ халат киеді, ақ халат тарихы, медицинадағы ақ халат, хирургтердің киімі — осы тақырыптарға байланысты.

Дәрігерлер ежелден-ақ қарапайым халықтан ерекшеленетін арнайы киім киген. Алайда бүгін бізге үйреншікті ақ халат медицинада тек XIX ғасырда ғана қолданысқа енген.

Ерте кезеңдегі дәрігерлердің киімі

Оба дерті өршіп тұрған кезеңде дәрігерлер қара түсті пальто, бас киім, былғарыдан тігілген шалбар киіп, құс тұмсығына ұқсас үлкен маска таққан. Бұл киімнің ғылымға еш қатысы болмаған. Ол заманда дәрігерлер сұсты кейіп пен түрлі шөп дәрілердің иісі қауіпті аурулардан қорғайды деп сенген.

Орта ғасырдағы киім айырмашылығы

Орта ғасырларда Еуропада дәрігерлердің киімі олардың қоғамдағы деңгейіне байланысты болған. Бай-шонжарларды емдейтін дәрігерлер қымбат мата мен былғарыдан тігілген сәнді киім кисе, қарапайым халыққа қызмет көрсететін дәрігерлер тек өз мамандығын білдіретіндей қарапайым киіммен шектелген.

Ақ халаттың пайда болуы

1860 жылдан бастап дәрігерлер ақ түсті киім кие бастады. Сол жылы америкалық дәрігер Джозеф Листер аурухана қызметкерлерін ақ түсті арнайы форма киюге міндеттеді.
Мұның бірнеше себебі бар еді:

  • ақ түсте кір мен дақ бірден байқалады;

  • гигиенаны бақылау жеңілдейді;

  • ақ матаны хлормен жуса да өңі кетпейді;

  • жұмыс істеуге ыңғайлы әрі таза көрінеді.

Осылайша ақ халат тазалық пен медицинадағы жауапкершіліктің символына айналды.

Неліктен хирургтер ақ халат кимейді?

Бүгінде барлық дәрігерлер ақ халат кимейді. Әсіресе хирургтер көбіне жасыл немесе көк түсті халат киеді.
Себебі операция кезінде:

  • жарық шамдар ақ халаттан қатты шағылысады;

  • көзді уақытша қарықтырып, зейінді бөледі;

  • бұл ота жасауға кедергі келтіруі мүмкін.

Ал операция барысында әр секунд маңызды. Сондықтан көзге жайлы, жарықты аз шағылыстыратын жасыл және көк түстер таңдалады.

Қазіргі заманғы үрдіс

Қазіргі уақытта әлемнің көптеген елінде хирургтер мен реанимация мамандары жасыл немесе көк түсті форма киеді. Ал емхана дәрігерлері мен мейірбикелер ақ халатты әлі күнге дейін сақтап келеді. Ол медицинадағы сенім, тазалық пен кәсібиліктің белгісі болып қала беруде.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Дәрігерлер неге ақ халат киеді? Ақ халаттың шығу тарихы материалы Денсаулық бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Денсаулық бөліміндегі басқа мақалалар дәрігерлер неге ақ халат киеді тақырыбындағы мақалалар ақ халат тарихы тақырыбындағы мақалалар медицинадағы ақ халат тақырыбындағы мақалалар хирургтердің киімі тақырыбындағы мақалалар дәрігер формасы тақырыбындағы мақалалар ақ халат тақырыбындағы мақалалар admin жариялаған басқа материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Дәрігерлер неге ақ халат киеді? Ақ халаттың шығу тарихы деген не?

Бұл бетте Дәрігерлер неге ақ халат киеді? Ақ халаттың шығу тарихы тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Денсаулық бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты мақалалар арқылы көруге болады.