Әлемде адам санасына әсер ететін түрлі фобиялар бар. Ғалымдардың мәліметінше, фобиялардың саны шамамен 100 000-ға жуық, ал олардың тең жартысы көпшілікке беймәлім. Кейбір фобиялар сирек кездескенімен, адам өміріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Мысалы, азиофобия — азиялық заттардан немесе мәдени элементтерден қорқу. Бұл фобиядан әлем бойынша шамамен 3 000-ға жуық адам зардап шегеді.
Ал аквафобия — судан қорқу. Бұл фобия да кең таралғандардың бірі болып саналады.
Фобиялардың негізгі түрлері
Фобиялар негізінен үш топқа бөлінеді:
1. Арнайы фобиялар
Белгілі бір заттан немесе жағдайдан қорқу.
Мысалы:
-
өрмекшіден қорқу;
-
ұшақтан қорқу;
-
биіктіктен қорқу;
-
иттен қорқу.
2. Әлеуметтік фобия
Адамдардың арасында, қоғам ішінде ұятқа қалудан, сыналудан немесе бағаланудан қатты қорқу.
Мысалы:
-
көпшілік алдында сөйлеуден қорқу;
-
бейтаныс адамдармен сөйлесуден қашу;
-
жұрттың назарында болудан қорқу;
-
қателесіп қаламын деген үрей.
3. Агорафобия
Ашық кеңістіктен немесе қашып шығу қиын жерлерден қорқу.
Мысалы:
-
автобусқа мінуден;
-
базарға, үлкен алаңдарға барудан;
-
адамдар көп жиналған орындардан;
-
жалғыз өзі сыртқа шығудан қорқу.
Фобия ғылыми тұрғыда
Ғылыми тілде фобия — уайым мен қорқынышқа байланысты психологиялық бұзылыс. Алайда нақты бір объектіге немесе жағдайға бағытталған қорқынышты нақты фобия деп атайды. Бұл — белгілі бір нәрседен шектен тыс, бақылауға көнбейтін үрей сезімі.
Фобия ұғымы адамзат тарихында ертеден белгілі:
-
Ежелгі грек дәрігері Гиппократ (б.з.д. IV ғасыр) қорқыныш пен үрейдің адам психикасына әсерін сипаттаған.
-
“Phobia” термині ғылыми әдебиетте алғаш рет 1801 жылы қолданылған.
-
ХХ ғасырдан бастап психология мен психиатрия саласында фобиялар жан-жақты зерттеліп, нақты жіктелді.
Фобия — жай ғана қорқу емес, адамның өмір сапасына әсер ететін маңызды психологиялық құбылыс. Оны түсіну, қабылдау және қажет болған жағдайда маман көмегіне жүгіну — психикалық денсаулықты сақтаудың маңызды бөлігі.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Қалмұрат Нұрсұлтан

- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі