Қазақстан аумағы 2 724 900 км² — бұл әлем бойынша 9-орын. Алайда осындай алып территорияның туристік әлеуетінің тек 20–25% ғана белсенді пайдаланылып отыр. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, елге келетін туристердің 70%-ы небәрі 5–6 танымал бағытпен ғана шектеледі. Олар — Бурабай, Алматы, Түркістан, Көлсай, Шарын. Ал қалған өңірлер сирек баратын, бірақ табиғи тұрғыда кем түспейтін аймақтар болып саналады.
Соның бірі — Сайрам-Өгем ұлттық паркі. Бұл парк жылына орта есеппен 25–30 мың туристі ғана қабылдайды. Ал салыстыру үшін, Бурабайға бір жылда 1 миллионнан астам адам барады. Сайрам-Өгем аумағында 1 490-нан аса өсімдік түрі бар, олардың 30-дан астамы Қызыл кітапқа енгізілген. Тау шыңдарының биіктігі 4 200 метрге дейін жетеді. Алайда инфрақұрылымның әлсіздігі бұл аймақтың кеңінен танылуына кедергі келтіріп отыр.
Осыған ұқсас жағдай Тарбағатай тауларында да байқалады. Бұл өңірде табиғи ландшафттармен қатар тарихи мұралар жақсы сақталған. Ғалымдардың дерегінше, Тарбағатай аумағында 200-ден астам археологиялық нысан бар. Соған қарамастан, бұл жерге жыл сайын келетін туристер саны 10 мыңнан аспайды. Ал көрші елдердегі дәл осындай табиғи аймақтар туристік брендке айналып, миллиондаған адамды тартып отыр.
Алматы облысындағы Қайыңды көлі соңғы жылдары әлеуметтік желілер арқылы біртіндеп танымал бола бастады. Көл 1911 жылғы жер сілкінісінен кейін пайда болған. Оның тереңдігі шамамен 30 метр, ал су астында қалған шырша ағаштарының биіктігі 15–20 метрге жетеді. Соған қарамастан, бұл жерге жылына орта есеппен 50–60 мың турист қана келеді. Бұл көрсеткіш Көлсай көлдеріне келушілер санынан 3 есе аз.
Түрген шатқалы Алматы қаласынан небәрі 90 км қашықтықта орналасқан. Мұнда 7 сарқырама, қылқан жапырақты ормандар мен альпілік шалғындар бар. Алайда туристердің басым бөлігі тек бір ғана сарқырамаға барып, шатқал аумағының 60%-дан астамын көрмей кетеді. Нәтижесінде табиғи әлеует толық пайдаланылмай отыр.
Ақмола облысындағы Қорғалжын қорығының шеткі аймақтары да аз зерттелген. Қорық аумағы 543 000 гектарданасады. Мұнда құстардың 300-ден астам түрі, соның ішінде қызғылт фламинго мекендейді. Алайда туристердің 80%-ы тек орталық бөлікті ғана аралап, солтүстік бағытқа назар аудармайды.
Ресми деректерге сәйкес, Қазақстандағы ішкі туризм жылына шамамен 7–8% өсіп келеді. Бірақ бұл өсім негізінен бұрыннан танымал бағыттардың есебінен жүзеге асып отыр. Сарапшылардың пікірінше, аз танымал табиғи аймақтарды жүйелі түрде насихаттау арқылы туристік ағынды кемінде 1,5–2 есе арттыруға болады.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Ахмеджан Айша
- Марк Аврелий
- Альберт Эйнштейн
- Альберт Эйнштейн
- Финли Питер Данн
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі