Өлең, жыр, ақындар

Мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевқа - 95 жыл

Ұлт тарихында есімі алтын әріппен жазылатын тұлғалар бар. Солардың бірі - қазақ поэзиясының мұзбалағы Мұқағали Мақатаев. Биыл ақиық ақынның 95 жылдық мерейтойы атап өтілуде.

Жазушы 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Райымбек ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі - Мұхаммедқали. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келгендіктен өмірдің ащы дәмін ерте тартты. Алматы қаласында С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік институтында білім алып, қазақ әдебиеті мен өнері дамыған ортада шығармашылық жолын бастайды. 

Қаламгердің елге кеңінен танылған «Дариға жүрек», «Аққулар ұйықтағанда» поэма - толғаулары мен 650-ден астам лирикалық өлеңдері бар. 
Жазушы туындыларының басты тақырыптарына - туған жерге деген сүйіспеншілік, өмір мен өлім, адам тағдыры, соғыс тауқыметі айналған. Сондай-ақ, Шекспир, Уолт Уитмен шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық әдебиеттің көкжиегін кеңейтті.

Ақынның әр өлеңі өзіндік даралығы мен шынайылығымен оқырманды өзіне баурап алады. Қанша жыл өтсе де өміршеңдігін жоғалтпаған шығармаларын кез келген қазақ сүйіп оқиды. Мұқағали Мақатаевтың бұл мұрасы болашақ үшін баға жетпес қазына болып қала бермек.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Алма

Бұл мақала — қазақ поэзиясының көрнекті тұлғасы, ұлтымыздың сырлы лиригі Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған керемет материал. Ақынның жырлары мен өлеңдері ұлттық руханияттың ажырамас бөлігі ретінде бүгінгі күнге дейін оқырман жүрегіне үнемі жол табады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз