Қазіргі Қазақстан жастары дәстүр мен заманауи трендтердің түйіскен тұсында өмір сүріп жатыр. Ғаламдану, әлеуметтік желілер мен жаңа мәдени ағымдар ұлттық құндылықтарға деген көзқарасты өзгертіп, қоғамда пікір қайшылығын тудыруда. 2025 жылғы Astana Times сауалнамасына сәйкес, жастардың 55 пайызы қазақтың салт-дәстүрлерін маңызды деп санайды. Ал 33 пайызы оларды міндетті түрде орындау қажет емес деп есептейді. Тағы 11 пайызы ұлттық дәстүрлерді мүлдем мойындамайтынын ашық айтқан. Бұл көрсеткіштер дәстүрге деген көзқарастың жастар арасында біркелкі емес екенін аңғартады.
Ұлттық дәстүрдің өзегі – тіл. 2024 жылғы ресми статистикаға сүйенсек, Қазақстан халқының 80 пайызы қазақ тілін меңгерген. Алайда соның тек 49 пайызы ғана күнделікті өмірде тұрақты қолданады. Бұл тілдің қоғамдық кеңістіктегі қолданысы әлсіреп бара жатқанын көрсетеді.
Әлеуметтік желілер мен заманауи трендтердің ықпалы да айқын. 2024 жылғы зерттеу нәтижесі бойынша, жастардың 66,2 пайызы әлеуметтік желілерді үнемі пайдаланады, 21,5 пайызы кейде ғана қолданады, ал 2 пайыздан азы мүлде қолданбайды. Сандық кеңістіктегі белсенділік артқан сайын дәстүрлі құндылықтардың екінші орынға ысырылып бара жатқаны байқалады.
Жастардың ұлттық мәдениетке деген қатынасы да алаңдатарлық. Зерттеулерге сәйкес, тек 50–53 пайызы ғана қазақ мәдениетін мақтанышпен қабылдайды. Ал тілге қатысты бұл көрсеткіш шамамен 45 пайызды құрайды. Сонымен қатар, Қазақстан жастарының 45 пайыздан астамы дәстүрді мүлде ұстанбайтынын көрсеткен.
Бұл деректерге назар аударсақ, дәстүр мен тренд арасындағы қақтығыс айқын көрінеді. Әлеуметтік желілер мен жаһандық мәдени ықпал жастардың өмірінде басты орынға айналып, ұлттық құндылықтарды көлеңкеде қалдыруда. Осы жағдайда дәстүрді заман талабына сай насихаттау, оны жастарға жақын тілде жеткізу – маңызды міндет болып отыр.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Жәнәбіл Қания
- Илон Маск
- Фирдауси
- Әл-Жахиз
- Марк Аврелий
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі