Өлең, жыр, ақындар

Онлайн білім: мүмкіндік пе, қауіп пе?

      Онлайн білім — XXI ғасырдағы ең ірі білім беру өзгерістерінің бірі. Ол білімді қолжетімді етіп, оқудың жаңа форматтарын ұсынғанымен, бірқатар қауіптерді де қатар ала келді.

Мүмкіндіктері

Онлайн білім кез келген жерде және кез келген уақытта білім алуға жол ашады. UNESCO деректеріне сүйенсек, пандемия кезінде әлем бойынша 1,6 млрд адам онлайн оқуға көшкен. Бұл формат уақыт пен қаржыны үнемдеуге, әлемдік үздік курстар мен платформаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Онлайн білімнің артықшылықтары:

  • оқушыларға, студенттерге, жұмыссыз азаматтарға және білім алуға ынталы кез келген адамға тең мүмкіндік беруі;

  • оқу шығындарының азаюы (жол ақысы, жалдамалы тұрғын үй, қосымша шығындар);

  • уақытты үнемдеу (жол жүру мен дайындалуға кететін уақыттың қысқаруы);

  • жұмыспен қатар білім алу мүмкіндігі;

  • электронды кітаптар мен заманауи цифрлық құралдарды пайдалану арқылы оқу сапасын арттыру;

  • үздіксіз білім алуға жағдай жасауы.

Қауіптері

Дегенмен, онлайн білім баршаға бірдей тиімді емес. Зерттеулерге сәйкес, оқушылардың 40–45%-ы онлайн оқу барысында мотивацияның төмендегенін сезінеді. Қазақстанда да ата-аналардың жартысынан астамы онлайн оқудың сапасына қанағаттанбайтынын білдірген. Сонымен қатар интернет пен техникалық құралдарға қолжетімділіктің тең болмауы білімдегі теңсіздікті күшейтеді. Мысалы, Жетісу өңірінде 20 ауыл әлі де байланыс аясынан тыс қалып отыр. Облыстағы 352 елді мекеннің 287-сі мобильді интернетке қосылғанымен, 65 ауылда интернет сапасы төмен. Оның ішінде тек 135 ауыл ғана 4G желісіне қол жеткізген, қалған елді мекендерде 3G байланысы да тұрақсыз. Тіпті облыс орталығына жақын кейбір ауылдарда бұл мәселе әлі толық шешілмеген.

Онлайн білім — толыққанды балама емес, бірақ тиімді құрал. Ең оңтайлы шешім — дәстүрлі және онлайн оқытуды ұштастыратын аралас білім беру моделі. Бұл тәсіл білім сапасын сақтай отырып, заманауи мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға жол ашады.

“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Нұрдәулет Серікболатұлы 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз