Нашақорлық – қазіргі қоғамның өзекті мәселесіне айналғаны рас. Бұл проблема бір адамның ғана емес, тұтас қоғамның болашағына әсер етеді. Деректерге сүйенсек, 2024 жылы Қазақстанда 18 329 адамның есірткіге тәуелді екені белгілі болды. Олардың басым бөлігі – ер адамдар, соның ішінде жастар. Есірткі – 1961 жылғы халықаралық келісімге сәйкес, жүйке жүйесіне әсер ететін синтетикалық немесе өсімдік тектес өнім. Оның құрамы өсімдік алкалоидтарынан не болмаса зертханада жасалған жасанды химиялық заттардан тұрады. Синтетикалық түрлеріне тұздар, спайс сияқты қауіпті қоспалар жатады. Олар миға әсер етіп, рахат сезімін тудыратын нейромедиаторларды жасанды түрде көп бөлуге мәжбүрлейді. Бұл адамды тез арада психологиялық әрі физикалық тәуелділікке алып келеді. Сонымен қатар, нашақорлық қылмысқа, жұмыссыздыққа және әлеуметтік мәселелерге жол ашады. «Наркотик» терминін алғаш қолданған грек емшісі Гиппократ өз еңбектерінде: “ Бір рет қолданған адамға одан бас тарту қиын болады” деп ескерткен. Нашақорлықпен күресте отбасының, мектептің және қоғамның рөлі өте маңызды. Жастарға салауатты өмір салтын насихаттау – нашақорлықтың алдын алудың ең тиімді жолы. Бүгінде әлемде 275 миллионға жуық адам есірткіге тәуелді, алайда олардың тең жартысы ресми түрде тіркелмеген. Есірткінің салдарынан жыл сайын 500 мыңнан астам адам қаза табады. Нашақорлық – адам өмірі үшін аса қауіпті індет. Сондықтан денсаулық – болашақтың кепілі, ал оны қорғау – әрбіріміздің міндетіміз
- Платон
- Илон Маск
- Фирдауси
- Әл-Жахиз
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі