Адам миы – адам ағзасының ең күрделі және таңғажайып мүшелерінің бірі. Ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде мидың құрылымы мен қызметі туралы көптеген қызықты деректер анықталды.

Мидың құрылымы мен қызметі
-
Нейрондар саны: Адам миы шамамен 100 миллиард нейроннан тұрады.
-
Май құрамы: Ми – адам ағзасындағы ең майлы мүше, оның 60%-ы майдан тұрады.
-
Су құрамы: Адам миы шамамен 75% судан тұрады. Сондықтан ағзада су жеткіліксіз болса, мидың қызметі нашарлауы мүмкін.
-
Энергия тұтыну: Ми денедегі ең көп энергия тұтынатын орган болып табылады және денедегі оттегі мен қанның 20%-ын пайдаланады.
Мидың дамуы мен өзгеруі
-
Жаңа нейрондық байланыстар: Әр жаңа ақпаратты есте сақтаған сайын мида жаңа нейрондық байланыстар пайда болады.
-
Даму кезеңі: Ми 50 жасқа дейін дамиды.
Мидың қызметіне әсер ететін факторлар
-
Алкогольдің әсері: Алкоголь нейрондар арасындағы байланысты әлсіретіп, есте сақтау қабілетін уақытша төмендетуі мүмкін.
-
Ұйқының маңызы: Ұйқының қанбауы мидың жұмысына кері әсер етіп, талқылау қабілеті мен реакция жылдамдығын төмендетеді.
Қызықты фактілер
-
Мидың ауырсынуды сезбеуі: Мида ауырсыну рецепторлары жоқ, сондықтан ми өзі ауырсынуды сезбейді.
-
Энергия өндіру: Оянған кезде ми шамды жағуға жеткілікті энергия бөледі.
Оқуға кеңес береміз:
Cпорт миды тынықтырады - ғалымдар
Есте сақтау, зейін салу және ой жинақтауға пайдалы 10 азық
Дофамин, нейробиология және нейромаркетинг: неге қалау сезімін бақытпен шатастырамыз
Адам миына қатысты 30 қызықты дерек

Айдар Бекболатов
Bilim-all.kz-те мұндай пайдалы және қызықты мақалалар көп болсын, рахмет!