Адам миы — ең күрделі әрі ең құпиялы мүше. Біз оны күн сайын қолданамыз, бірақ оның мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін толық біле бермейміз. Төменде адам миы туралы көпшілікке онша таныс емес, бірақ ғылыми деректермен дәлелденген 7 қызықты факт ұсынылады.
1. Адам миы секундына миллиондаған ақпаратты өңдейді.
Ғалымдардың айтуынша, адам миы секундына шамамен 11 миллион битке дейін ақпарат қабылдай алады. Алайда біз соның өте аз бөлігін ғана саналы түрде байқаймыз. Бұл мидың мүмкіндігі адамның өзі сезінетін шектен әлдеқайда кең екенін көрсетеді.
2. Ми дене салмағының тек 2%-ын құрайды, бірақ энергияның 20%-ын пайдаланады.
Адам миының салмағы орта есеппен 1,3–1,4 кг. Бұл дене салмағының небәрі 2%-ы ғана, алайда ми ағзаның жалпы энергиясының шамамен 20%-ын тұтынады.
3. Ми ауырсынуды сезбейді.
Қызығы, мидың өзінде ауырсыну рецепторлары жоқ. Сондықтан кейбір нейрохирургиялық операциялар кезінде науқас есін жоғалтпай-ақ жасалуы мүмкін. Біз ауырсынуды ми арқылы сеземіз, бірақ ми өзі ауырмайды.
4. Ми 25 жасқа дейін толық дамиды.
Зерттеулерге сәйкес, адамның миы, әсіресе шешім қабылдауға жауапты маңдай бөлігі, шамамен 25 жасқа дейін дамуын жалғастырады. Сол себепті жасөспірімдер мен жастар эмоцияға тез берілгіш келеді.
5. Ми тәулігіне 60 000-ға жуық ой тудырады.
Психологтардың мәліметінше, адам күніне орта есеппен 50–60 мың ой ойлайды. Оның басым бөлігі — алдыңғы күндердегі ойлардың қайталануы. Сондықтан ойды бақылау психологиялық саулық үшін маңызды.
6. Ми ұйқы кезінде де белсенді жұмыс істейді.
Ұйқы кезінде ми «өшіп қалмайды». Керісінше, ол ақпаратты сұрыптау, есте сақтау және эмоцияны реттеу сияқты маңызды қызметтерді атқарады. Ұйқының жетіспеуі есте сақтау қабілетін 40%-ға дейін төмендетуі мүмкін.
7. Ми үнемі өзгеріп отырады.
Бұл қасиет нейропластика деп аталады. Яғни ми жаңа білім мен жаңа әдеттер арқылы өзін қайта қалыптастыра алады. Кітап оқу, тіл үйрену, музыкамен айналысу — мидың дамуын тікелей жақсартады. Адам миы — шексіз мүмкіндіктерге ие ерекше ағза. Оны дұрыс пайдалану, дамыту және қорғау әр адамның өз қолында. Білім алу, жеткілікті ұйқы, пайдалы әдеттер мен позитивті ойлау мидың әлеуетін арттыра түседі.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Бугыбаева Назерке
- Платон
- Илон Маск
- Фирдауси
- Әл-Жахиз
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі