Алаш — қазақ халқының аңыздық ататегі, тәуелсіз қазақ мемлекетін құру идеясына айналған ұлы ұғым. Ол сол кезеңдегі әрбір қазақтың жауға шапқандағы ұраны, елдік пен еркіндіктің символы болды.
1917 жылдың 5–13 желтоқсанындағы ызғарлы күндерде Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт зиялылары қазақ мемлекеттілігін қайта жаңғырту жолында тарихи қадам жасады. Олар ұлт мүддесін қорғап, «Серке», «Қазақ» газеттері арқылы халыққа шындықты ашық жеткізді, қажет болса, сол жолда жанын пида етуге де дайын еді. Сталиндік тоталитарлық жүйе тұсында халықты қорғаған Алаш арыстары қуғын-сүргінге ұшырап, атылды. Бұл қазақ халқы үшін орны толмас қасірет болды. Ел seңдей соғылып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды. Алайда сол зұлмат жылдарға қарамастан, ұлт зиялыларының тәуелсіз ел болу жолындағы еңбегі мен күресі тарихта өшпес із қалдырды.
Бүгінде көш бастаған Әлихандай тұлғалардың сан жылдар бойы жүзеге асырмақ болған бағдарламалары мен қағидалары бейбітшілік пен тұрақтылықтың нышанына айналып отыр. Соның айғағы — «Алаш» автономиясының 10 тармақтан тұратын бағдарламасы:
Осы бағдарламаға қатысты Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде:
«“Алаш” партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр… Олардың алдына қойған мақсаты — қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, оны осы заманғы шындыққа бейімдеу еді», — деп атап өткен. Расында да, ұлт зиялылары армандаған мемлекет қалпының орнығуы, әр азаматтың құқығының қорғалуы, білім мен ғылымның ел дамуының басты құралына айналуы — Алаш идеясының өміршеңдігін дәлелдейді. «Қазаққа қызмет етпей қоймаймын» деген Әлихан Бөкейхан бастаған тарихи көштің ел тарихындағы орны айрықша. Олардың аманатын сақтау, ұмытпау және жалғастыру — бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Ғарифолла Аяжан
- Хилон
- Платон
- Илон Маск
- Фирдауси
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі