2025 жылғы статистикаға сүйенсек, адамдардың 82%-ы уақытын тиімді пайдалана алмай, күнін жүйесіз өткізеді. Ал небәрі 18% ғана нақты жоспар құрып, тайм-менеджмент әдістерін қолданатыны анықталған. Бұл дерек қазіргі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі — уақытты басқару дағдысының әлсіздігін көрсетеді.
Еңбек және білім беру саласындағы зерттеулерге сәйкес, оқушылардың басым бөлігі күн сайын 5–6 сағатын әлеуметтік желіге жұмсайды. Жалпы алғанда, жасөспірімдердің 41%-ы тәулігіне 8 сағаттан артық уақытын телефон алдында өткізеді. Тағы бір алаңдатарлық дерек — оқушылардың 52%-ы жалыққан сәтте бірден телефонға жүгінеді. Бұл қазіргі жастардың қызығушылығы мен психологиялық тыныштығы көбіне цифрлық кеңістікке тәуелді болып бара жатқанын аңғартады.
Студенттер арасында да жағдай ұқсас: олардың көпшілігі күніне 7–9 сағаттан артық уақытын смартфонға арнайды. Бұл көрсеткіш жалпы тәуліктің шамамен 33–38%-ын құрайды. Яғни, уақыттың үштен бір бөлігі мақсатсыз әрі нәтижесіз өтіп жатыр деген сөз. Мәселе уақыттың аздығында емес, оны тиімді басқара алмауда. Уақытты дұрыс жоспарлап, басымдықтарды анықтай білген адам үшін аз уақыттың өзі жеткілікті. Сондықтан үлгерімнің кілті — уақытты бақылау мен саналы таңдау жасауда.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Жәнәбіл Қания
- Хилон
- Платон
- Илон Маск
- Фирдауси
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі