2025 жылы Алматы қаласының әрбір тұрғыны темекі тартпай-ақ, тек қалалық ауамен тыныстау арқылы орта есеппен 518 темекіге тең зиянды зат жұтқан. Мұндай дабыл қағарлық деректі Almaty Air Initiative қоры жариялады.
Қор мәліметіне сәйкес, Алматыдағы ауа сапасы өткен жылмен салыстырғанда шамамен 30 пайызға нашарлаған. Ал PM2.5 ұсақ бөлшектерінің жылдық орташа концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) белгілеген қауіпсіз нормадан алты есе жоғары болған. Сарапшылардың есебінше, 2025 жылы қала тұрғындары бар болғаны 148 күн ғана салыстырмалы түрде таза ауамен тыныстаған. Уақыттың 60 пайызынан астамында алматылықтар денсаулыққа зиянды смогты жұтуға мәжбүр болған. Әсіресе, қыс мезгілінде ауаның ластану деңгейі күрт күшейгені байқалады.
Экологтар қалалық аудандар бойынша ластану картасын да ұсынған. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, ауасы ең лас аймақ ретінде Түрксіб ауданы аталған. Бұл ауданда жеке сектордағы көмірмен жылыну және жер бедерінің төмен орналасуы ауаның тұрып қалуына ықпал етеді. Ал ең таза аудан ретінде Бостандық ауданы көрсетілген. Ауаның ең жоғары деңгейде ластанған кезеңі желтоқсан айына сәйкес келген. Осы уақытта зиянды заттардың концентрациясы рұқсат етілген шекті мөлшерден бірнеше есе асып түскен.
Мамандар экологиялық жағдайдың ушығуын жылыту маусымының белсенді жүруімен, көлік қозғалысының артуымен және Алматының географиялық ерекшеліктерімен байланыстырады. Қала ауасының қазіргі ахуалы тұрғындардың денсаулығына тікелей қауіп төндіріп, жедел әрі жүйелі экологиялық шешімдерді қажет етіп отыр.
“Journiverse” білім беру орталығының оқушысы: Жуманазарова Диана
- Хилон
- Платон
- Илон Маск
- Фирдауси
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі