Рамазан айы 2026 – ораза кестесі және ауызашар дұғалары

Басты бет / Қызықты әрі пайдалы / Рамазан айы 2026 – ораза кестесі және ауызашар дұғалары

2026 жылдың ораза кестелері:

Ok.gif  Алматы
Ok.gif  Астана
Ok.gif  Атырау
Ok.gif  Ақтау
Ok.gif  Ақтөбе
Ok.gif  Жезқазған
Ok.gif  Көкшетау
Ok.gif  Қарағанды
Ok.gif  Қостанай
Ok.gif  Қызылорда
Ok.gif  Орал
Ok.gif  Өскемен
Ok.gif  Павлодар
Ok.gif  Петропавл
Ok.gif  Семей
Ok.gif  Талдықорған
Ok.gif  Тараз
Ok.gif  Теміртау
Ok.gif  Түркістан
Ok.gif  Шымкент

Ауызашар кезіндегі дұға

Сұрақ: Ауыз ашудан бұрын дұға етуге бола ма?

Жауап: Өте жақсы болады. Ауызашардан бұрын айтылған дұға қабыл болады. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Ораза ұстаған адамның ауызашар уақытында кері қайтарылмайтын (қабыл етілетін) бір дұғасы бар.» (Ибн Мажәж)
«Ораза ұстаған адамның дұғасы қайтарылмайды.» (Тирмизи)

Мысалы дұға:
Әузу мен Бисмилләһ айтып, былай дұға ету өте жақсы:

«Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ, иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб»
Мағынасы: «Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел, бүкіл мұсылмандарды ғафу ет.»

Бір-екі жұтым нәрсе жеген соң келесі дұғаны айту ұсынылады:

«Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл әжр иншааллаһу та’ала»
Мағынасы: «Аштық бітті. Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты жетті. Иншааллаһ сауап жазылды.»

Осыдан кейін тамақ ішуге болады. Бұл дұғалар ауызашар кезінде (ифтар) оқылатын дәстүрлі дұғалар болып саналады.

Оразада ауызды немен ашу керек?

Жауап: Сүннет бойынша ауызды құрма, су немесе сүтпен ашу керек. Егер олар болмаса, жеміс‑жидекпен немесе көкөніспен ашуға болады. Отта піскен нәрсемен, мысалы нанмен, шаймен немесе сорпамен ашпау керек.

Хадис шәрифте былай делінген:

«Оразаларыңды құрмамен ашыңдар, өйткені ол береке. Егер құрма табылмаса, онда сумен ауыз ашыңдар, өйткені ол тазалаушы.» (Ибн Мажәж)

Тағы үш хадис шәриф:

  1. «Пайғамбарымыз жас (жаңа піскен) құрмамен аузын ашатын. Жас құрма болмағанда, кепкен құрмамен, ол да жоқ болса сумен ауыз ашатын.» (Тирмизи)

  2. «Пайғамбарымыз аузын сүтпен де ашатын.» (Дара Қутни)

  3. «Пайғамбарымыз үш құрмамен немесе от тимеген бір нәрсемен ауыз ашатын.» (Әбу Яла)


Назар аудар:

Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер

Opaзa ұстaғaндa aдaм aғзaсындa қaндaй өзгepістep бoлaды?

Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар

Оқуға кеңес береміз:

Сан түрлі дерттің шипасы — құрма

Ораза өмірді ұзартады

Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз

Жапон ғалымы Оразаның пайдасын дәлелдегені үшін Нобель сыйлығын алды



WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Назар

өте пайдалы әрі түсінікті жазылған. Ораза кестесі мен ауызашар дұғалары нақты беріліп, Рамазан айында дұрыс дайындалуға көмектеседі. Рамазан айы 2026 кезінде іздейтіндерге бұл ақпарат шынымен қажет деп ойлаймын.

Арука

Рамазан айының ораза кестесі мен ауыз ашар дұғалары толық әрі түсінікті. Рамазан айын тиімді өткізуге көмектесетін нақты кеңестерге толы, әрі оқуға жеңіл жазылған. Рахмет! Өте пайдалы!

Арман

Рамазан айы туралы мақала шынымен өте пайдалы әрі жақсы жазылған екен!