Қанат қағып,ұшып барам жоғарда
Қалықтаймын қуанамын қонарда
Қанаттарым ақ жібекке оранған
Самғап ұшқар қыран шіркін болам ба?
Талмай келем,құстар менен жарысам
Бұлбұлменен ән саламын,қауышам
Көңіл шіркін көкжаухардай болып тұр
Сөйлемеймін,қиқулаймын танысам
Ұшып барам,қанат талмай тағы да
Кенеттен бір қарғы келді маңыма
Қанатымды шұқылайды тиісіп
Мен байғұс-ау жылап кеттім торыма
Бір қанат жоқ,тесіп кеткен жанымды
Қалай ұшам,қалай алдыбарымды?
Деп еңкілдеп келдім ана жанына
Деді болад(ы) алатын сенің барыңды
Кенеттен көз жасқа толды ояндым
Түсініксіз бір бос кеудеге боялдым
Қалай қанат болады деп тұрып
Түс екенін білдім де тез бой алдым
Авторы: Ғарифолла Аяжан
- Конфуций
- Конфуций
- Эдвард Дж. Стиглиц
- Нельсон Мандела
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі