Өлең, жыр, ақындар

Мұзбалақ ақын

 

Жақында Мұқағали атамыздың 95 жылдық мерейтойы өтті. Қазақ еліне көптеген туындылар әкелген адамның туған күнін бүкіл Қазақстан болып тойлаймыз және әрқашан сондай болған. Бәріміз Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерінде өскен шығармыз, мектепте оған арналған апталықтар мен тәрбие сағаты өтеді. Бұрын жастарды көшеде көрсек Мұқағалидың өлендерін жатқа біліп айтып беретін. Мұқағали Мақатаев ақын, жазушылар арасындағы танымал деп айта кетсек те болады. Ол бірақ өзін олай санамаған, “Фаризаға” өлеңінде подвалдағы архивтерден табылармыз деп айтып кеткені бар еді, қазіргі уақытта архивтерден емес көптеген мақалалалар мен сайттардан тауып жатамыз. Көше атаулары, балаларының есімін арнап атап жатады.

Мұқағалидың туылған күнінің өзі ерекше себебі, ол туралы екі туралы айтып кеткен. Мұқағалидың анасы “Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырған болатынбыз” деп айтқан екен. Оразақын Асқар болса екінші туған күні туралы осылай айтыпты:”Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен.”

Мұқағали үйдің тұңғышы болған соң әжесі Тиынның қолында өскен және өмір бойы анасын жеңге деп атаған екен.

Азан шақырып қойған аты-Мұхаммедқали бірақ та аты тым ауыр болғандықтан Мұқағали деп атаған. Қызықты факт оның тегі Сүлеймен болған бірақ ат пен тегі ауыр болғандықтан, баланы ойлап арғы атасының есімін тегі қылған.

Мұқағали атамыздың өмірін айта кетсек кішкентай кезінде ерте есеюге мәжбүр болғаны туралы “Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?” өлеңінде айтқан. Мұқағалидың әкесі 1941 жылы Калининград майданында қаза табады, үйдің тұңғышы болған соң артындағы кішкентайлар туралы ойлап, оларға қарау керек болады. 14-15 жасында ақын болғысы келетінін түсінеді. Ол Гете, Гюго, Данте, Бальзак, Лондон, Драйзер, Шекспир, Байрон сияқты классиктерді жоғары бағалайды. Осы классиктерді және қазақ классиктерін бір деммен оқып шығады.

Ол өзінің заманындағы біршама адамның қолы жете бермейтін оқу орындарына, өзінің ізденісінің арқасында қабылданады.

Алғашында ҚАЗМУ-дің филология факультетінде білім алады, одан соң шет тілдер институтына, артынша ҚАЗМУ-дің заң факультетіне оқуға түседі. Жазушылар одағының жолдамасымен 1973 жылы М. Горький атындағы Әдебиет институтының студенті атанады.

Өмірінде болған жағдайларға байланысты Мұқағалидың оқылы мен ой-өрісі ерте жетілді десек те болады. Ол өзінің өмірлік жарын 17 жасында Лашынды тауып, 18 жасында үйленеді.

 Ақынның алғашқы лирикалық өлеңдері осы кезде жазыла бастады. Мұқағали еңбек жолын ауылдағы орыс тілі мұғалімі болып бастайды, оның орыс тілін жақсы меңгеруі және әдебиетті жақсы білуі ол үшін өте тиімді болды. Әр жыл сайын өлең жазып, кітап шығарғаны үшін қолма-қол жақсы ақша алатын. Алғаш рет оның өлеңдері, қазақтың ақыны екені туралы “Қазақ әдебиеті” газетінде Әбділдә Тәжібаев жазып жария қылады.

Ақынның өмірі оңай болған жоқ. Тұңғыш қызы Ләззат қайтыс болады, одан соң сүйікті қызы Майрагүл көлік апатынан қаза табады. Бірақ Мұқағалидың мейірімі сонша, қызың қаққан адам үйіне кешірім сұрап келіп бүкіл алтын ақщасын беруге дайын кезінде, оны жазаламай айтқан екен “Қызымды қақса да қайтыс болды, бірақ қазір оның да бала-шағасы бар қазіргі кездегі тірі адамдарды ойлайық” деген екен. Ол қыздарына арнап көптеген лирикалық өлеңдер жазған.

Мұқағали дәрігерлерден сұрап жүріп, ауруға шалдыққанын біледі. Содан қалған 12 жылдық ғұмырында, қалған өмірін өнерге арнаған. 12 жылда 8 жыр жинағын жариялап поэма жазып, өлеңдерді аудармашылықпен айналысқан. Оның ішінде Дантенің “ Құдіретті комедисының. Тамұқ ” бөлімін,Шекспирдің “Сонеттерін”, Уолт Уитменнің өлеңерін аударған, сонымен қатар “Аққулар ұйықтағанда”, “Райымбек!Райымбек!”, “Моцарт. Жан азасы” поэмаларын жызған, “Қош махаббат” пьесасын жарыққа шығарып артынан көптеген мұра қалдырып кеткен.Қанша өмірге ғашық болған адам өмірден сонша тез өтеді, өзінің өмірі туралы өлеңдер көрініс ретінде жазған. Қазіргі уақытта оның өлеңдері шаң басып архивте жатыр деп айтпас едім, “Ақынның заты өлгенмен, аты өлмес”. Негізгі жыр жинақтарын көзі тірісінде жарыққа шығарып үлгерді, дүниеден өтер алдында “Реквием” атты толғау-өлең жазды.

1985 жылы Қазақстан Жазушылар Одағы бастамасымен үздік әдеби шығармалары атына М.Мұқағалиды тағайындады, ал 2008 жылы М. Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды

Қорытындылай келе, ақын өзінің жарты ғасырлық ғұмырында бізге 1000-нан астам өлеңдермен, жыр жинағын жазған. Қазіргі қоғамда көбісі Мұқағали Мақатаевты құрметтейді, тіпті мақтанады. Кейбір жасөспірімдер өлеңдерін мақтан тұтып мәнерлеп айтады. Ақынның отбасысын интервьюлермен, кештерге шақырып әңгімелеседі, оған арнап “Мұқағали. Бұл ғасырдан емеспін” телесериалы түсірілді. Ақынды біреу ұмытты деп айтпас едім.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз