Өлең, жыр, ақындар

Волонтерлік қызметтің маңызы

Қазіргі қоғамда волонтерлік қызметтің рөлі артып келеді. Волонтерлік-бұл адамның өз еркімен,ақысыз негізде қоғамға пайдалы іс атқаруы.Мұндай қызмет мейірімділікке,жауапкершілікке және азаматтық белсенділікке негізделеді.Волонтер болу-тек көмек көрсету ғана емес,ол адамның тұлғалық дамуына ықпал ететін маңызды қадам.

Ең алдымен,волонтерлік қоғам үшін қажет.Қарт адамдарға көмектесу,экологиялық акцияларға қатысу қайырымдылық шараларын ұйымдастыру,табиғи апаттар кезінде қолдау көрсету-мұның барлығы қоғамдағы өзара көмекті күшейтеді.Волонтерлер мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайтып,әлеуметтік мәселелердің шешілуіне үлес қосады.Кей жағдайда дәл осы еріктілердің белсенділігі үлкен өзгерістерге бастайды.Сонымен қатар, волонтерлік қызметтің жеке адамға берер пайдасы зор. Біріншіден, адам жаңа тәжірибе жинайды. Ұйымдастырушылық қабілет, жауапкершілік, уақытты басқару, адамдармен қарым-қатынас жасау дағдылары дамиды. Бұл қасиеттер болашақта оқу мен жұмыста үлкен артықшылық береді. Екіншіден, волонтерлік адамның дүниетанымын кеңейтеді. Әртүрлі ортада жұмыс істей отырып, адам өмірге басқа қырынан қарай бастайды.

Жастар үшін волонтерлік-өзін көрсету мүмкіндігі.Қоғамдық іс-шараларға қатысу арқылы олар көшбасшылық қабілеттерін дамытады, жаңа достар табады,пайдалы байланыстар орнатады.Бүгінде көптеген оқу орындары мен жұмыс берушілер волонтерлік тәжірибені жоғары бағалайды, себебі ол адамның белсенді және жауапты екенін дәлелдейді.

Тағы бір маңызды қыры-рухани құндылықтардың қалыптасуы.Волонтерлік мейірімділікке,жанашырлыққа,төзімділікке үйретеді. Басқаға көмектесу арқылы адам ішкі қанағат сезімін алады.Бұл-материалдық пайдадан да жоғары тұратын сезім.Қоғамда өз орныңды сезіну,біреуге пайдалы болу-нағыз азаматтық борыштың белгісі.

Қорытындылай келе,волонтерлік қызмет-қоғам дамуының маңызды тетігі.Ол адамдарды біріктіреді,жауапкершілікті арттырады және жас ұрпақты белсенді болуға тәрбиелейді.Әр адам өз мүмкіндігіне қарай қоғамға үлес қоса алады.Волонтер болу үшін ерекше қабілет қажет емес-ең бастысы ниет пен жүректегі жылылық.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз